Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні: 11.10.2022


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Басқарма төрағасының орынбасары болып Еркен Рашидов тағайындалды. Бұған дейін ол орталықтың жобаларды басқару департаментінің директоры қызметін атқарған болатын.
Еркен Рашидов Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокурорының көмекшісі болып бастады.
Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі бар ол Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ішкі бақылау басқармасының басшысы, БҚО прокуратурасының 1-ші басқармасының прокуроры болып жұмыс істеген.
Қаржы және құқықтану саласында жұмыс істеген жоғары білікті маман бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері жөніндегі есеп комитеті жанындағы Жұмыс тобының құрамына кірген.
Орталықта ол гранттық жобаларды іске асыру мәселелеріне жетекшілік ететін болады.