Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландырудың мемлекеттік операторы бола отырып, Маңғыстау облысындағы жобалардың біріне қатысты қоғамда наразылық тудырғанына байланысты түсініктеме береді

Жарияланған күні: 03.09.2025


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландырудың мемлекеттік операторы бола отырып, Маңғыстау облысындағы жобалардың біріне қатысты қоғамда наразылық тудырғанына байланысты түсініктеме береді. Оператор ретінде біздің басты міндетіміз – конкурстық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, оның орындалуына мониторинг және бюджет қаражатының жұмсалу тиімділігі. Бұл біздің басты басымдығымыз. 2025 жылы Маңғыстау облысында «Жабайы құстарды құтқару және оларға дер кезінде көмек көрсету бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру» жобасы жүзеге асырылуда, оның тапсырысшысы Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы болып табылады. Сараптамалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстанның Экологиялық қоры» ҚҚ конкурс жеңімпазы және грант алушысы болып анықталды. Грант алушыға келіп түскен сұрақтарға байланысты Орталық жобаның орындалу барысы туралы ресми сауал жолдады. Осы күнге дейін жауап келген жоқ. Қоғамдық қызығушылық пен қосымша тексеру қажеттілігін ескере отырып, жобаны жүзеге асыру уақытша тоқтатылды. Барлық тексеру нәтижелері жарияланады және қоғамға хабарланады. Гранттар туралы ресми ақпарат cisc.kz сайтында. Біз азаматтарға көңіл бөліп, атсалысқаны үшін алғыс айтамыз. Жобалардың қоғамдық мониторингі күшті азаматтық қоғамды дамытудың маңызды бөлігі болып табылады.