«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ: Маңғыстау облысы бойынша гранттық жобалардың тексеріс қорытындысы

Жарияланған күні: 09.09.2025


Маңғыстау облысындағы бірқатар гранттық жобалардың сапасына қатысты Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына өтініштер түсті. Осыған байланысты ақпаратты объективті қарастыру мақсатында Орталық жасалған келісімшарт талаптарына сәйкес тексеріс жүргізуге бастамашылық етті.

«Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқан «Жабайы құстарды сақтау және оларға уақтылы көмек көрсету» жобасына жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша Орталық әлеуметтік жобаларды одан әрі іске асыруды оңтайландыру және Грант қаражатын тиімді бөлуді қамтамасыз ету мақсатында грант алушымен шартты бұзу рәсіміне бастамашылық жасады. Грант алушы бөлінген қаражатты толық көлемде бюджетке қайтаруға міндеттенді.

Сонымен қатар, аталған ұйым жүзеге асырып жатқан барлық жобаларға кешенді тексеріс жүргізу, сондай-ақ гранттық жоба өңірінен тыс жерде тіркелген ұйымдардың гранттарды іске асыру тәжірибесін қосымша талдау шешімі қабылданды.

Орталық гранттық жобалардың орындалуын жүйелі түрде қадағалап, бақылауды жүзеге асырады, міндеттемелердің адал орындалуын, мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуын және грант беру механизмінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Қабылданған барлық шаралар қоғам мен салық төлеушілердің мүдделерін қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік гранттар жүйесіне деген сенімді нығайтуға бағытталған.

Сонымен қатар, Орталық азаматтар мен ҮЕҰ-ға гранттық жобалардың орындалуын өз бетінше бақылауға мүмкіндік беретін қоғамдық мониторинг жүйесі бар екенін еске салады.

Кешенді тексерістің қорытындылары және одан әрі қабылданатын шешімдер Орталықтың ресми ақпараттық алаңдары арқылы қоғамға жеткізілетін болады.