«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның Басқарма төрағасы Нұрлан Өтешев «Әлеуметтік бастамалар картасын» таныстырды

Жарияланған күні: 31.10.2017


Атырау қаласында басталған Республикалық “ASAR” үшжақты ынтымақтастық Форумы өз жұмысын жалғастыруда. Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар және бизнес өкілдерінің басын қосқан алаңда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның Басқарма төрағасы Нұрлан Өтешев «Әлеуметтік бастамалар картасын» таныстырды.

Бұл жобаның мақаты – әрбір азаматтың туған жерін дамытуға үлес қосуына мүмкіндік беріп, қолдау көрсету. Карта еліміздің өңірлерінің өзекті қажеттіліктерін анықтап, осы бағыттағы үздік тәжірибелерді жүйелей алады.

Қазіргі таңда онда географиялық локациясы негізге алынған жобалар енгізілген.

Әрбір қолданушы аталмыш бастамаға өз үлесін қосқысы келсе, Қазақстанның кез-келген аймағындағы жобаны таңдап, бағдарлама тәлімгеріне хабарласу арқылы оны жүзеге асыра алады.

Нұрлан Өтешевтің айтуынша, 2018 жылдың басында карта едәуір заманауиланып, эквайрингтік модель арқылы қаржылық көмекті өздігімен бере алатындай қосымшамен толықтырылады. Сондай-ақ, азаматтардың порталға жобаны өзі қосып, олардың іске асуын қадағалауына мүмкіндік те жасалады.

Іс жүзінде, порталда әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын еліміздегі ең үлкен краудфандингтік алаң пайда болады.