«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мен Қазақстандағы АҚШ елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасының бірлескен жобасы

Жарияланған күні: 27.01.2021


«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мен Қазақстандағы АҚШ елшілігінің «Америкалық бұрыштар» бағдарламасының бірлескен жобасы техникалық және кәсіптік колледждерде оқитын жас қыздарды кәсіпкерлік, сату және ілгерілету негіздеріне оқыту арқылы олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

 

Бүкіл әлемде әйелдер кәсіпкерлігі тұрақтылыққа, қауымдастықтардың әл-ауқатына ықпал етеді және осал топтарға экономикалық мүмкіндіктер береді. McKinsey Global Institute есебіне сәйкес әйелдердің жағдайын жақсарту арқылы 2025 жылға қарай жаһандық ЖІӨ 12 триллион долларға артуы мүмкін. Кәсіпкер әйелдер өздері үшін және басқалар үшін жаңа жұмыс орындарын ашады, сонымен қатар қоғамға басқарушылық, ұйымдастырушылық және іскерлік мәселелердің жаңа шешімдерін, сондай-ақ кәсіпкерлік мүмкіндіктерді пайдалануды ұсынады. Global Women’s Entrepreneurship Research; Diversity Settings, Questions and Approaches мәліметтері бойынша әйелдер ер адамдарға қарағанда 1,17 есе жиі әлеуметтік кәсіпорындарды, 1,23 есе жиі экологиялық кәсіпорындарды ашады. Қарапайым сөзбен айтқанда, билікке ие әйелдер қоғамды өзгерте алады және оны шынымен өзгертеді.

 

Сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамту әйелдердің қаржылық тұрақтылығының баянды көздерінің бірі болып саналады. Мәселен, Қазақстанда бүгінгі таңда ел бойынша орта есеппен алғанда ШОБ субъектілерінің 41,5% – дан астамын әйелдер басқарады. Бұл ретте, Қостанай және Қарағанды облыстары сияқты өңірлерде әйел адамдары басқаруындағы ШОБ субъектілерінің үлесі 48% – ға дейін жетеді. Егер жеке кәсіпорындарды ғана есепке алатын болсақ, онда әйелдердің үлесіне жартысы тиесілі: 1086,5 мың кәсіпкердің 542,9 мыңы — әйелдер.

 

Сонымен қатар, колледжді жаңа ғана бітірген түлектерге бизнесті құру мен жүргізудің практикалық дағдылары жиі жетіспейді. Бұл әсіресе тігін және дизайн сияқты бағдарламаларға қатысты. Аталған кәсіби бағдарламалардың түлектері үшін кәсіпкерлік әрдайым мүмкін емес, өйткені бұл бағдарламалардың оқу жоспарында бизнесті қалай бастау және жүргізу туралы курстар кездеспейді. Нәтижесінде жас студент қыздарды бизнес құру олар үшін ақша табудың өміршең нұсқасы екенін хабарлау және ынталандыру қажеттілігі туындайды. Осы жас қыздарды қажетті дағдылармен, тәжірибемен және сәттілік тарихымен таныстыра отырып, жоба әйелдер арасында экономикалық тәуелсіздік пен тұрақты дамуды ілгерілетуге көмектеседі.