Жарияланған күні: 08.08.2017
2017 жылғы 8 тамыз, Астана
«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
- Гранттық қаржыландыру саласындағы бірыңғай оператор
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылатын коммерциялық емес ұйым (бұдан әрі – Оператор).
2. Конкурс туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, Оператор, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен, азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар береді.
Мемлекеттік гранттарды беру конкурсына тарату жағдайында тұрған, дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатылған ҮЕҰ-ды қоспағанда, ол туралы деректер ҮЕҰ туралы мәліметтер базасында сақталынған, грант беруге өтініш беруші ҮЕҰ қатыса алады.
ҮЕҰ мен бейіндік мемлекеттік органдардан ұсыныстар жинау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі әзірлеген 2017 жылға арналған ҮЕҰ-ға гранттар берудің қосымша жоспары (Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің міндетін атқарушының 2017 жылдың «2» тамыздағы №118 бұйрығы мен бұйрыққа бекітілген қосымшада «Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2017 жылға арналған гранттар берудің қосымша жоспары) аясында төмендегідей тақырыптар көзделген.
Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам Министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 118 бұйрығына қосымша
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҮШІН 2017 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ГРАНТТАР БЕРУ ҚОСЫМША ЖОСПАРЫ
№ |
Жоба атауы |
Қысқаша сипаттамасы (жобаның негізгі бағыттары) |
Гранттық қаржыландыру шеңберінде бөлінген қаржы, мың теңге |
Жүзеге асыру орны |
|
1. |
Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту. Қоғамды дерадикализациялау |
||||
1. |
1. |
Мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастар мен дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісін жетілдіру |
Мақсаты: мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастар мен дінаралық келісімнің қазақстандық үлгісін жетілдіру. Ғылыми және практикалық негіздерді жетекшілікке ала отырып дін саласындағы мемлекеттік саясаттың үлгісін ұсыну. Міндеттері: 1. Жаңа ғылыми парадигмалардың мәнмәтінінде заманауи шындықты есепке ала отырып, әлемдегі және Қазақстандағы конфессияаралық және мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастардың теориялық әдістемелік негіздерін зерттеу; 2. Қазақстан Республикасындағы діни саладағы негізгі үрдістерді анықтау және ағымдағы діни ахуалды талдау; 3. Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени дамуындағы ірі діндердің рөлі мен ықпалын айқындау; 4. Қазақстандағы діндарлық үлгілерінің, діни сана мен діни бірегейлік мәселелерінің ерекшеліктерін ашу, оның зайырлылық ұстынымен түйіндесуін анықтау; 5. Қазақстанның тәуелсіздігі кезеңіндегі мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың дамуына талдау жасау, оның қазіргі жағдайын зерделеу және мемлекет пен дінің өзара қарым-қатынасының саясатта қалыптастуының жаңа бағалаулары мен тәсілдерін ескере отырып, орта мерзімдегі мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасының болжамы; 6. Қазақстан Республикасындағы қазіргі уақыттағы конфессияаралық қатынастарды талдау және егжей-тегжейлі сипаттау, осы қатынастардың 10-15 жылдық болашақтағы үрдістерін айқындау; 7. Қазақстан Республикасындағы зайырлылық түрінің нақты мазмұнын және мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастардың зайырлылық құндылықтарын нақтылау; 8. Қазақстан Республикасындағы діни институттар қызметі мен мемлекеттік билік органдарының қызметіне талдау жасау, Қазақстан Республикасындағы діннің қызмет етуінің негізгі басымдылықтарын анықтау, мемлекет, қоғам және діннің өзара іс-қимылының жаңа тәсілдерін әзірлеу. Күтілетін нәтиже: Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне Қазақстан Республикасының дін саясатын жетілдіру мәселесі жөнінде.ұсыныстар әзірлеу |
5 970 |
Қазақстан Республикасы |
1. |
2. |
Дәстүрлі рухани құндылықтарды қолдау бойынша орталықтың жұмысын ұйымдастыру |
Мақсаты: қазақстандық қоғамның дәстүрлі және рухани құндылықтарын нығайту, діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы иммунитетті қалыптастыру. Ресми мұсылман басқармасын қолдау және дінтанушылардың біліктіліктерін арттыру бойынша дінтанушылдың оқу және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін интелектуалды мүмкіндіктер мен тәжірибелердін біріктіру Міндеттері: 1. ҚМДБ имамдары мен ҚМДБ жанындағы Республикалық ақпараттық-насихат тобы (РАНТ) мүшелерінің біліктілігін арттыру; 2. Имамдарды ҚМДБ жанындағы Имамдардың біліктілігін арттыру институтында оқыту (ИБАИ); 3. Деструктивті ағымдармен жұмыс жүргізетін имамдар мен РАНТ мүшелерін «Нұр-Мүбарак» университетінің жанынан ашылған «Экстремизмнің алдын алу бойынша мамандарды қайта даярлау институтында» біліктіліктерін арттыру. Жылына орта есеппен 200 маманның біліктілігін арттыру көзделуде; 4. Діни экстремизмнің алдын алу шараларына телогтарды (имамдар қатарына басымдық бере отырып) тарту. Күтілетін нәтижелер: 1. Шалғай аудандардағы имамдардың біліктілігін арттырып, халыққа сапалы қызмет көрсету. 2. Діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу бойынша жұмыс сапасын арттыру. |
25 000 |
Қазақстан Республикасы |
БАРЛЫҒЫ |
30 970 |
Аталмыш бұйрықтың көшірмесі мен қосымшасы Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің сайтында жарияланған http://www.din.gov.kz/kaz/pravovaya_baza/prikazy/ сілтеме бойынша таныса аласыз.
Жобаларды іске асыру мерзімі келесідей:
· Жобаларды іске асыруға 6 қазан мен 30 қараша аралығында мерзімі беріледі.
3. Грант алу үшін қажет құжаттар тізімі
Мемлекеттік гранттарды беру конкурсына қатысуға өтінім қазақ немесе орыс тілдерінде қағаз және электрондық нұсқада (USB флеш жетегі немесе CD дискіде) беріледі, сонымен қатар электронды поштасымен жіберіледі.
Электрондық нұсқада және электронды поштасымен жіберген жагдайда құжаттар MsWord және PDF бірыңгай файл форматында беруі тиіс. Формат PDF ұйым басшының қолы және мөрі бар сканерлеген нұсқадағы өтінім болуға тиіс. Түскен құжаттар қайтарылмайды.
Бір ҮЕҰ бірнеше өтінімдер бірнеше грант тақырыптарға жолдаған жағдайда, әрбір өтінімді бөлек хатпен қағаз және электронды нұсқада қалыптастырып, электронды поштамен әрбір өтінім бөлек жіберуге тиіс.
Конкурсқа қатысушы үшін өтінімге мынадай келесі құжаттар кіреді:
1. грант алу үшін өтініш (1 қосымша) (Назар аударыңыз: Өтінімдердің жарамдылық мерзімі ұйым төрағасы қол қойған күннен бастап 2017 жылғы 6 қазанға дейінгі ықтималды грант иегерлерімен гранттық келесімшартты жасасу мерзімінің соңына дейінгі аралықты күнтізбелік күнмен есептелінеді);
2. өтініш берушінің сауалнамасы (2 қосымша);
Конкурсқа қатысушы үшін өтінімге мынадай келесі құжаттар кіреді:
3. әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның төлқұжаты (3 қосымша);
4. әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны іске асырудың күнтізбелік жоспарының жобасы (4 қосымша) (1 Форма және 2 Форма);
5. әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны іске асырудың шығындар сметасы, онда әлеуметтік жоба/әлеуметтік бағдарлама барысында материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жұмсалатын шығынның болжамды сомасын көрсету керек (әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның сомасына қатысты белгіленген пайыз шеңберінде – 10%-дан артық емес). Материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп отырғанымыз грантты іске асырумен тікелей қатысы жоқ және ұйымды дамытуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алу (5 қосымша);
6. заңды тұлғаның мөрімен расталған бірінші басшыны тағайындау/сайлау туралы құжат көшірмесі (НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: құжат көшірмесін түрлі-түсті немесе қара-ала көшірмесіне жекелей ұйымның түпнұсқалық мөрін басу қажет және ұйым төрағасының қолын қою қажет);
7. операторға құжаттарды беру, грант беру туралы келісім-шартқа және осындай тапсырмалармен байланысты басқа да құжаттарға қол қою үшін тұлғаға құқық беретін құжат;
8. мадақтама қағаздардың, сертификаттардың, алғыс хаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
9. өтінім толтырылған күн, қолы.
Өтініш беруші ұсынылған құжаттарды бірыңғай папкаға жинақтап, көрсетілген құжаттарға сәйкес беттерді нөмірлейді.
Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың толық болуы мен онда көрсетілген мәліметтердің шынайылығын қамтамасыз етеді.
4. Өтінімдерді жолдайтын пошталық мекен-жай және электронды поштаның мекен-жайы. Өтінімдерді қабылдау мерзімі
Өтінімнің қағаз нұсқасы Астана қ., Тұран көшесі, 19/1 үй, 6-шы қабат мекен – жайына, ал электронды нұсқасы grants@cisc.kz электронды поштасына жолданады.
Қағаз нұсқадағы, электронды нұсқалары қосылған өтінімдер және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына 2017 жылдың 28 тамыздың Астана уақыты бойынша 18.00 сағатына дейін жеткізілуі тиіс. Аталмыш мерзімнен кеш түскен өтініштер конкурста қарастырылмайды. Осыған орай, сіздерді пошта қызметкерлері мен курьерлерден корреспонденцияның жеткізілу уақытын анықтауды сұраймыз.
Конкурсқа құжаттарды (өтінімді) қабылдау мерзімі – 2017 жылғы 8 тамыздан бастап 28 тамызға дейін (қоса есептегенде).
Орталық қызметкерлерінің өтінімдерді қабылдау уақыты: дүйсенбі – жұма күндері. Астана уақыты бойынша сағат 9-00 ден 18-00 аралығында (түскі үзіліс уақыты сағат 13-00 ден 14-30).
Өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі – 2017 жылғы 28 тамыз күні, сағат 18-00-ге дейін (Астана уақыты бойынша).
5. Ақпараттық жиналысты өткізу мерзімі
Конкурсқа қатысуға құжаттар тапсыру тәртібін түсіндіру, сондай-ақ туындаған сұрақтарға жауап беру үшін жиналыс 2017 жылғы 18 тамыз күні сағат 11-00-де (Астана уақыты бойынша) «Нұр Отан» партиясының Орталық Аппаратында, Астана қ., Қонаев к., 12/1, 4 қабат мекен-жайы бойынша өтеді.
Өңірлердегі ҮЕҰ өкілдері үшін «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалдарының кеңселерінде интернет арқылы бейнеконференция ұйымдастырылады (байланыс телефондары №6 қосымшада қоса берілген).
Ғимаратқа тізім арқылы кіргізілетіндіктен, барлық мекемелерден 16 тамыз сағат 16.00-ге дейін ұйым атынан қатысатын адамдардың тізімін, онда ҮЕҰ атауын, орналасқан қаласы, жиналысқа қатысатын адамның аты-жөнін және телефонын көрсетіп, Орталықтың kerimkul@cisc.kz электронды поштасына жіберуді сұраймыз.
6. Өтінімдерді бағалау өлшемдері
Сарапшылық комиссия өтінімді төмендегі өлшемдер бойынша 1-ден 10-ға дейін ұпай беру арқылы бағалайды:
1) ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның қойған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталуы:
– ұсынылып отырған әлеуметтік жоба/әлеуметтік бағдарлама нәтижесінің нақты баяндалуы;
– ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның күтілетін нәтижесі мақсаттарға қол жеткізуге қалайша апаратынын нақты баяндау;
– жобаның орындалуын және нәтижеге қол жеткізуін мониторингілеу және ішкі бақылау жоспары.
2) ұсынылып отырған жобаның тиімділігі:
– болашақта, алған грантты іске асыру аяқталған соң үкіметтік емес ұйымдар үшін жобаны іске асыруды жалғастыру мүмкіндігі;
– жобалық ұсыныста сипатталған қызметтің әлеуметтік жоба/әлеуметтік бағдарлама сомасына сәйкестігі;
– жобалық ұсыныс сомасында көрсетілген болжамды шығындардың әлеуметтік жоба/әлеуметтік бағдарлама іске асырылатын елді мекендегі нарықтық бағадан артық болмауы.
3) тұрғындарды қамтуы;
4) әлеуметтік жобаның/әлеуметтік бағдарламаның негізгі адрестік топтарының тартылуы, қатысуы;
5) әлеуметтік жобаны/әлеуметтік бағдарламаны іске асыру үшін қажет болжамды қаражат көлемі;
6) мемлекеттің стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі;
7) жоспарланған іс-шаралардың Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарында анықталған мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге әсері;
8) әлеуметтік жобалардың/әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігін бағалайтын индикаторлардың болуы;
9) ұсынылып отырған әлеуметтік жобаларды/әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру әдістерінің жаңашылдығы мен бәсекеге қабілеттілігі;
10) әлеуметтік жобаларды/әлеуметтік бағдарламаларды пайдалану мүмкіндігін бағалау.
7. ҮЕҰ-ға грант беру конкурсын қорытындылау мерзімі
ҮЕҰ-ға арналған гранттарды беру конкурсының қорытындысы 2017 жылдың 25 қыркүйек шілдегедейін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ресми сайтында www.cisc.kz жарияланады.
8. Мекен-жайы және байланыс ақпараты
Қосымша ақпарат пен сұрақтарға жауап алу үшін Гранттық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру жөніндегі мониторинг департаментінің менеджерлері Мадина Каримова 8 7172 67 81 88, 87783648416, karimova@cisc.kz; Мунира Абулова 8 7172 67 81 84, 87051885725, abulova@cisc.kz; Жанар Керімқұл kerimkul@cisc.kz немесе grants@cisc.kz электронды поштасына хабарласуға болады.