«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар беруге қайта конкурс жариялайды.
Мемлекеттік гранттарды берудің қайта конкурсы келесі 8 тақырып бойынша жарияланады:
- «Қазақстанда ЭКО жобаларды танымал ету және дамыту»;
- Жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған «Birgemiz: Ayala» жобасы;
- Ауылдық елді мекен тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру;
- Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу, «ҮЕҰ академиясы»;
- Сарапшылық қоғамдастықты және азаматтық қоғам институттарымен диалогты дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу;
- Еліміздің өңірлерінде кадрлық және басқарушылық әлеуетті дамыту ерекшеліктері бойынша сараптамалық сұрау салуды ұйымдастыру және жүргізу;
- «Қоғамдық монитор» азаматтық сараптама бойынша диалог медиа платформасын құру;
- «Мемлекеттік тіл-қоғамды біріктірудің негізгі факторы» жобасын іске асыру.
Өтінімдер қағаз және электронды тасымалдаушыларда берілуі тиіс (USB флэш жинақтаушы немесе CD-диск).
Өтінімдерді қағаз нұсқада электронды тасымалдағышта қоса ұсына отырып, мына пошта мекен-жайына жолдау керек: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 30, «Astana Apartments» БО, 2 қабат, 211 кабинет.
MS Word және PDF форматындағы (бір құжат ретінде) құжаттарды бірінші басшының қолы бар сканерленген өтініш нұсқасын grants@cisc.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Өтінімдер 2020 жылдың «03» қыркүйегі сағат 18.00-ге дейін қабылданады.
Оператор қызметкерлерінің өтінімдерді қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма күндері аралығы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).
Қоғам қызметкерлері тұрақты түрде кеңес береді. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Қоғамның Мемлекеттік гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсесіне төмендегі байланыс нөмірлері арқылы хабарласа аласыздар:
Ақмола облысы – Мажранова Мадина 8 777 997 55 88
Ақтөбе облысы – Сарбалина Асель 8 701 460 50 55
Алматы облысы – Ергалиева Шугыла 8 778 010 78 20
Атырау облысы – Ибадуллаев Аскар 8 775 591 55 70
Шығыс Қазақстан облысы – Мухамеджанова Дана 8 702 481 62 26
Жамбыл облысы – Боранбаева Жанаргуль 8 702 796 37 92
Батыс Қазақстан облысы – Сарбалина Асель 8 701 460 50 55
Карағанды облысы – Боранбаева Жанаргуль 8 702 796 37 92
Қостанай облысы – Мақсұтбек Қажымұқан 8 708 688 22 36
Қызылорда облысы – Мажранова Мадина 8 777 997 55 88
Маңғыстау облысы – Ибадуллаев Аскар 8 775 591 55 708
Павлодар облысы – Ергалиева Шугыла 8 778 010 78 20
Солтүстік Қазақстан облысы – Абдрахманова Биганша 8 775 351 86 46
Туркістан облысы – Мақсұтбек Қажымұқан 8 708 688 22 36
Нұр-Сұлтан қаласы – Мукатова Дана 8 775 100 96 30
Алматы қаласы – Ергалиева Шугыла 8 778 010 78 20
Шымкент қаласы – Абдрахманова Биганша 8 775 351 86 46