Жарияланған күні: 11.08.2020
Коронавирусқа байланысты оқушыларды қашықтан оқытуға толық көшу ата-аналарды да, балаларды да, тіпті мұғалімдердің өздерін де тығырыққа тіреді.
ҚР ИИДМ қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грант алушылары да туындаған мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда.
“Birgemiz: Bilim” (оның 7 жалпыұлттық жобасының бірі) жобасы аясында еріктілер ауыл оқушыларына ҰБТ-ға дайындалуға, ағылшын тілін, компьютерлік және құқықтық сауаттылықты үйретуге көмектеседі.
“Birgemiz: Bilim” нысаналы тобына білім беру және қосымша дағдыларды дамыту саласында қолдауды қажет ететін ауылдық жерлерде тұратын балалар кіреді. Үкіметтік емес ұйымдар жобаларды жүзеге асыру барысында әр өңірдің қажеттіліктерін ескереді. Жалпы, 1 400 еріктіні тарта отырып, 14 мың баланы қамту жоспарланған.
Қазіргі уақытта олар 13 пәннен сабақ береді: информатика және есептеу техникасы, математика, физика, биология, химия, география, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі. Сабақ онлайн-режимде қашықтан өткізіледі. ҰБТ-ға дайындық аясында негізгі пәндер бойынша 100 сабақ әзірленді. Олардың барлығы www.birgemizbilim.kz. сайтында бейне дәріс форматында қол жетімді.
“Birgemiz: Bilim” жобасын іске асыру барысында ауылдық жерде тұратын көптеген балалардың компьютері мен интернетке шығу мүмкіндігі жоқ екені анықталды. Смартфондары да жоқ болып шықты. Қашықтан оқытуды іске асыру үшін ауыл оқушыларына ноутбуктерді сыйға тарту туралы шешім қабылданды.
Нақтырақ айтсақ, әлеуметтік жобалар бюджетіне көлік шығындарына, үй-жайды жалға алуға, іссапарларға қаражат салынды, өйткені барлық іс-шаралар әдеттегі режимде жоспарланған болатын. Бірақ пандемияға байланысты бұл қызметтердің қажеттілігі жойылды. Және ҮЕҰ үнемделген қаржыға мектеп оқушылары үшін қажетті техниканы сатып алуды ұсынды. Осылайша, кейбір шығындар осындай қажеттіліктер үшін қайта форматталды.
Бүгінде 300-ге жуық оқушы планшет пен ноутбукке қол жеткізе алады. Оның ішінде Жамбыл облысындағы тұрмысы төмен отбасылардың балаларына сыйға тарту үшін 40 планшет, Павлодар облысында 60 планшет сатып алынды.
Сондай-ақ, жоба аясында Алматы облысында “DosCamp.kz” онлайн-лагерін өткізу жоспарлануда. Ол 2 ауысымда өтеді: 12-15 тамыз аралығында пәндер бойынша олимпиада, 19-22 тамыз аралығында тілдік ауысымда байқаулар мен викториналар өткізіледі. Жеңімпаздарға 60 смартфон мен планшет табыстаймыз. Олар тұрмысы төмен, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан балаларға беріледі. Ал отбасылардың мәртебесі іс-шараларға қатысу үшін тіркелу кезінде анықталатын болады.
Қазақстан еріктілері альянсы Ақмола облысы бойынша 10 ноутбук пен 10 планшетті сыйға тартатын болып шешті, ШҚО да осындай мөлшерде сыйлық әзірлеп отыр. Сондай-ақ, Қарағанды облысында 50 планшет сатып алу жоспарланған.
Бұл жобаны іске асыру Үкіметтің қолдауының арқасында мүмкін болғанын мойындау керек. Әлеуметтік жобаларымыздың іске асып жатқандығы қуантады.
Жалпы, бұл әлеуметтік жобаларды тұрақты деп айтуға болады, өйткені жоба балаларға келесі жылдары да онлайн режимінде оқуға мүмкіндік береді.
Фото: ашық дереккөздерден