«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КеАҚ «АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ» ММ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
- Үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы Оператор
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1192 қаулысына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып табылады.
- Конкурс туралы
Оператор «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» ММ тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялайды.
Конкурс Азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848) сәйкес әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында өткізіледі.
- 2024 жылға мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс мынадай басым бағыттар бойынша жарияланады:
№ р/с | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы |
Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Мәселенің қысқаша сипаттамасы | Қаржыландыру көлемі (мың теңге) | Грант түрі | Нысаналы индикатор |
Жастар және отбасы комитеті | ||||||
1. | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Атырау облысы жастарының зияткерлік білім деңгейін арттыру | Бүкіл әлемде жастардың өзін- өзі тануға, өзін-өзі дамытуға деген ынтасын арттырудың негізгі тетігі зияткерлік ойындар болып табылады, ал әуесқойлық және жартылай кәсіби зияткерлік жарыстарды ұйымдастыру көбінесе ұжымдардың өзін-өзі ұйымдастыруының, жалпы өзін-өзі басқару нысандарының пайда болуының алғашқы қадамы болып табылады.
Командалық ойында қатысушылар көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді, қарым- қатынас және әлеуметтік төзімділік дағдыларын қалыптастырады, алуан түрлі пікірлерді қабылдау қабілеті қалыптасады, тұлғаның дамуын ынталандырады, жас ұрпақтың әлеуметтенуін қамтамасыз етуге арналған әртүрлі әлеуметтік институттардың өзара әрекеттесуіне жағдай жасайды, осылайша азаматтық қоғамдастықтың қалыптасуына ықпал етеді.
(2023 жылғы «Қазақстан жастары» социологиялық зерттеуі)
(ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы, 4-бағыт, 42 тармақ) |
10 300 000 теңге | 1 қысқа мерзімді грант | Нысаналы индикатор:
Әлеуметтік жобаны іске асыру шеңберінде Атырау облысының кемінде 2 000 жастары қамтылуға тиіс;
Күтілетін нәтиже: 1. Атырау облысында «Atyrau Intellect FEST» облыстық фестивалін ұйымдастыру; 2. «Atyrau Intellect FEST» фестиваль аясында 7 аудан және қала жастарын қамти отырып, «AtyrauQuiz» квиз ойындары (8 ойыннан кем емес), «AtyrauQuest» квест ойындары (2 ойыннан кем емес), «OgypJarys» кітап оқудан жарыс сайысы (2 рет), «AtyrauPuzzleDay ойындары» (2 рет) және зияткерлік қабілетті дамытуға арналған 3 meetup пен 3 workshop ұйымдастырылады; 3. Облыстың кемінде 50 жастарын қамти отырып, 4 бағыт (сыни ойлауды дамыту, шығармашылық ойлауды ынталандыру, дербестік пен бастамашылықты ілгерілету, бейімделу дағдыларына оқыту) бойынша осы салалардың сарапшыларының қатысуымен білім беру курсын ұйымдастыру; |
2. | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Нашақорлықтың алдын алу бойынша шаралар кешені | Жастар арасында өмірдің бірқатар саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа аспектілерінің өзгеруіне байланысты есірткіге тәуелділіктің өсуі байқалады. Мұндай динамика көптеген жағымсыз салдарға әкеледі. Қазіргі жағдайда қазақстандық жастар арасындағы есірткіге тәуелділіктің өсу динамикасының өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың ішінде әртүрлі әлеуметтік топтардағы есірткі заттарын қолданудың әртүрлі көлемі атап өтіледі. Сонымен қатар, нашақорлықтан зардап шегетін адамдардың 70%-ы жасөспірімдер. Ересектердің 80%-ы есірткіге тәуелділігі 12 мен 17 жас аралығында тіркелген. Қазақстан Республикасының (ҚР) Құқық қорғау органдары бұл үрдісті растайды. Есірткіні заңсыз өткізуге және тұтынуға қарсы күрес бойынша жүргізіліп жатқан шаралар шеңберінде тұрақты іс-шаралар жүргізілуде. Есірткіні бақылау қызметкерлерінің деректеріне сүйене отырып, біздің еліміздегі жастар арасында есірткіге тәуелділіктің өсу қарқынының нақты көрсеткіштері есірткіге тәуелділіктің өсуінен 5-8 есе жоғары деп айтуға болады |
7 500 000 теңге | 1 қысқа мерзімді грант | Нысаналы индикаторлар:
Атырау облысы жастарының (14-35 жас) нашақорлықпен байланысты тәуекелдер туралы хабардарлығын арттыру (кемінде 1 500 адамды тікелей қамту).
Күтілетін нәтиже: 1. Киберволонтерлерді тарта отырып, есірткілерді тарататын заңсыз сайттардың жұмысы туралы азаматтардың өтініштерін анықтау бойынша Телеграм бот жұмыс істейтін болады; 2. Атырау облысының кемінде 50 еріктілері мен жұртшылық өкілдерін тарта отырып, есірткіні насихаттауға және жарнамалауға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылады, оның ішінде «граффитиді» жою жөніндегі шаралар, заңсыз үгітті анықтау және жастар арасында зиянды тәжірибелердің таралуын болдырмау мақсатында кешкі уақытта көшелерге мониторинг жүргізу және т.б.; 3. Әлеуметтік желілерде кеңінен ротацияланатын нашақорлықтың өзекті мәселелері бойынша есірткіге қарсы 7-10 минуттық деректі фильм дайындау (қаралым саны 500 мыңнан кем емес); 4. Өңірдің жоғары сыныптар оқушыларының ата-аналарымен қазіргі заманғы синтетикалық есірткілер, дәріханалық нашақорлық проблемаларын және жасөспірімдердің есірткінің заңсыз айналымына қатысуының құқықтық салдарын түсіндіру бойынша құқық қорғау органдарының өкілдерімен кемінде 10 профилактикалық кездесу өткізу (кемінде 1 000 адамды тікелей қамту); 5. Өңірдің жоғары сынып оқушыларын және оқу орындарының студенттері үшін (ата-ана келісімін алу қажет) нашақорлық қылмысының алдын алу мақсатында ҚАЖ департаментінің Түзеу мекемелеріне және наркологиялық диспансерлерге экскурсиялар ұйымдастырылады. (кемінде 500 адамды қамту). |
3. | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жұмысшы жастар арасында іс шаралар кешені | Жас ұрпақтың жұмыс жасайтын бөлігі кәсіпорындар мен ұйымдар қызметкерлерінің маңызды санатын білдіреді, стратегиялық құнды ресурс және кәсіпорындар мен жалпы өңірдің дамуының қозғаушы күші болып табылады. Мұндай қызметкерлер ұйымға озық білім, жаңа идеялар мен ерекше шешімдер енгізе алады. Жұмыс істейтін жастардың өкілдері үшін жаңа ұжымға бейімделу қиындықтары, әлеуметтік сенімсіздік, жас отбасының проблемалары, айтарлықтай қаржылық жүктеме өзекті болып табылады. Оқушылар мен студенттерден айырмашылығы, жұмыс істейтін жастарда қоғамдастыққа біріктіретін фактор жоқ, олар ажыратылған, сонымен қатар қаладағы іс-шаралар туралы ақпарат тұрғындарға әрдайым жете бермейді. Жұмыс жасайтын жастар өздерінің бос уақыттарын ұйымдастыруда және өткізуде пассивті позицияда. Бос уақытын өткізетін негізгі орын-тұрғылықты жері, негізгі құралы – теледидар бағдарламаларын көру және компьютермен жұмыс істеу. Білім беру үдерісі шеңберінде студенттер мен оқушылар жұмысшы жастарға қарағанда өздерінің шығармашылық, спорттық және өзге де мүмкіндіктерін іске асыру мүмкіндігіне ие; ресми және бейресми қоғамдық жастар ұйымдарына қатысуға деген ұмтылысы төмен. | 9 000 000 теңге | 1 қысқа мерзімді грант | Нысаналы индикатор:
Атырау облысының кәсіпорындарында 15 жұмысшы жастар қауымдастығы құрылады (1 қауымдастықта кемінде 30 белсенді жастар).
Күтілетін нәтиже: 1. Атырау облысының жұмысшы жастардың қатысуымен фасилитациялық сессияларын өткізу арқылы кәсіпорындардағы жастар кеңесінің жұмысын жандандыру бойынша іс шаралар жоспары әзірленеді (кемінде 15 компанияның жастарын қамту, 5 кездесуде барлығы кемінде 100 қатысушы); 2. Атырау облысының белсенді жұмысшы жастардың базасын жасақтау (кемінде 100 адам); 3. Кемінде 100 белсенді жұмысшы жастардың қатысуымен слет өткізу; 4. Қалыптасқан жұмысшы жастар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен кемінде 10 өңірлік және республикалық жобаларға қатысуын қамтамасыз ету (қажет болған жағдайда қатысушылардың іс-сапар жол шығындарын қамтамас ету); 5. Салауатты өмір салтын насихаттауға, жеке қасиеттерін дамытуға, еңбек ұжымдарын біріктіруге, корпоративтік рухты қолдауға және қала ұжымдары арасында көршілік қатынастар құруға бағытталған 10 іс-шара ұйымдастырылады (кемінде 1 000 адамды қамти отырып); 6. Атырау облысының кемінде 500 жас қатысушысы үшін өнеркәсіп кәсіпорындарының жас мамандарымен кәсіптік бағдар беру сессиясын ұйымдастыру. |
4. | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жастардың шығармашылық әлеуетін және ақпараттық-коммуникативтік қабілеттерін дамыту | 2022 жылғы «Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысы бойынша жастардың 71% – ы әлеуметтік желілерді үнемі пайдаланатыны анықталды. Танымал аккаунттар-пікір көшбасшыларының аккаунттары (блогерлер). Олар жастардың кез-келген ақпаратты алуы үшін мүйіз болып табылады. Көбінесе, көптеген Мемлекеттік бағдарламалар түпкілікті бенефициарға оның пікір көшбасшысының жарыққа шықпауына байланысты жете алмайды. Бұл мәселе әсіресе қазақ тілді пікір көшбасшыларының жоқтығымен көрінеді. Жас балаларды блогинг дағдыларына үйрете отырып, біз қазақстандық патриотизмді, толеранттылық идеясын, салауатты өмір салтын қалыптастыруды, білім беру бағдарламаларын, жастар кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі бастамаларды және т. б. ілгерілете аламыз. | 8 900 000 теңге | 1 қысқа мерзімді грант | Нысаналы индикатор:
Атырау облысының жастарын блог жүргізу дағдыларына үйрету арқылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша хабардарлықтарын арттыру (жобаның ақпараттық қамтылуы кемінде 20 000 қаралым).
Күтілетін нәтиже: 1. Жастардың мемлекеттік бағдарламалар мен бастамалар туралы хабардарлығын арттырудың инновациялық және креативті әдістерін ұсына алатын жастар арасында кемінде 30 қоғамдық пікір көшбасшысын анықтау; 2. Анықталған кемінде 30 көшбасшыны 4 бағыт бойынша (бағыттар: камерада жұмыс істеу, шешендік өнер, копирайтинг және мобилография) оқыту курсын өткізу; 3. Оқу курстарынан өткен қатысушылар жастардың мемлекеттік бағдарламалары мен бастамалары тураллы кемінде 3 материал дайындап, әлеуметтік желіде жариялау тиіс (жариялымдардың ақпараттық қамтуы кемінде 10 000 қаралым); 4. Жоба аясында 2 қызықты подкаст құрылады, жастардың шығармашылық әлеуетін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын шабыттандырады және дамытады, жастардың қызмет аясын кеңейту және әлеуметтік желілерде түсірілген подкасттарды белсенді тарату (подкасттың ақпараттық қамтылуы кемінде 10 000 қаралым құрайды); 5. Әр түрлі бағыттар бойынша шығармашылық конкурс өткізу (мобилография саласындағы үздік ролик, музыкадағы үздік шығарма, үздік көркем шығарма және т. б. бағыты), одан кейін жас таланттардың үздік жұмыстарының көрмелерін ұйымдастыру және осы саладағы табысты адамдармен коллобрация жасау мүмкіндігін ұйымдастыру. |
5. | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Әлеуметтік роликтер циклін әзірлеу | Еліміздің басты қозғаушы күші жастар. Сондай –ақ, әлеуметтік желіні тұрақты пайдаланатын да жастар болып табылады. Елімізде интернет соның ішінде әлеуметтік желі пайдаланушылардың саны қарқынды түрде дамып келеді. Халық ақпарат көздерін әлеуметтік желіден алады. Қоғамның, әсіресе жастардың құқықтық, медиа, мәдени сауаттылықтарын арттыруда әлеуметтік желінің тигізер әсері мол екендігін ескерген жөн.
Еліміздің басты құндылығы –адам. Сол себепті, еліміздегі, оның ішінде облыстағы ең өзекті деген әлеуметтік мәселелер тізімі жасақталып, арнайы сценарий жазылып, командалық топпен қоғамға идеологиялық бағытты насихаттайтын маңызды әлеуметтік роликтер түсіріледі. |
10 010 000 теңге | 1 қысқа мерзімді грант | Нысаналы индикатор:
Өзекті мәселелердің алдын алуға бағытталған интернет желісіндегі әлеуметтік контенттің үлесін ұлғайту (барлық бейнероликтерді қарау саны 2 миллионнан кем емес).
Күтілетін нәтиже: 1. Негізінде бейнероликтер әзірленетін төрт өзекті бағытқа талдау жүргізу (өзекті бағыттарды Тапсырыс берушімен алдын ала келісу); 2. Тапсырыс берушімен одан әрі келісе отырып, 4 әлеуметтік бейнеролик сценарийін әзірлеу; 3. Таңдалған өзекті бағыттар бойынша 4 әлеуметтік бейнеролик әзірлеу; 4. Дайындалған әлеуметтік бейнероликтерді тарату бойынша ақпараттық жұмыс (тарату арналары: өңірдегі танымал әлеуметтік желі блогерлерінің парақшаларында, әлеуметтік желілерде, көше экрандарында, ТВ, қоғамдық мекемелер мен орындарда және т. б. тарату арналарында). |
6. | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Шығармашылық музыкалық акселератор | Шығармашылық индустрияның аумақтарды дамыту үшін орасан зор әлеуметтік-экономикалық әлеуеті бар. Қоғамдағы креативті таптың даму деңгейінің өзгеруі – бұл адами капиталдың дамуын, өмір сүру ортасының жайлылығын, аймақтар мен әлем елдерінің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын анықтайтын барометр. Бүгінгі таңда заманауи танымал музыканы, оның ішінде жастар арасында сұранысқа ие музыканы қолдау жүйесін қалыптастыру мәселелері кеңінен талқылануда. Бұл мәселе шынымен де өзекті, егер академиялық музыканттар үшін мұндай жүйе қалыптасқан болса, қазіргі заманғы музыканы орындайтын музыканттар үшін бұл мәселе әлі де өзекті. Музыканттардың негізгі қиындықтары шығармашылыққа жұмсалатын ақшаның жетіспеушілігімен және шығармашылықты дұрыс насихаттау қажеттілігін түсінбеуімен байланысты болып отыр.
Жобаның маңыздылығы – ол өңірді шығармашылық (ән, би, қойылым, аспаптарда ойнау т.б) ордаға айналдыра отырып, жастардың өнер мен мәдениетке деген құлшынысын арттыру, шығармашыл қарым-қабілеттерін қалыптастыру. |
9 972 000 теңге | 1 қысқа мерзімді грант | Нысаналы индикатор:
Атырау облысында мемлекеттік тілде өнер көрсететін жастар шығармашылық топтардың, орындаушылардың санын ұлғайту (кемінде 10 орындаушы топты құру).
Күтілетін нәтиже: 1. Шығармашылық әлеуетті ашуға, жаңа дағдыларды игеруге және өз қабілеттеріне деген сенімділікті нығайтуға ықпал ететін менторлық сүйемелдеу арқылы шығармашылық жастардың тілдерін дамыту үшін қолайлы орта қалыптастыра отырып, арнайы шығармашылық кеш ұйымдастыру (кемінде 50 қатысушы); 2. Фестивальде өнер көрсететін шығармашыл жас орындаушыларға кастинг өткізіп, шығармашылық 10 топ құру; 3. Атырау облысында шығармашыл жастардың фестивалін өткізу, онда жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды ынталандыру және сахнада өнер көрсету дағдыларын және өзін-өзі дамытудың басқа да аспектілерін нығайту мақсатында музыкалық қойылымдармен, би нөмірлерімен, аспаптарда ойнаумен және т.б. өңірдің жас орындаушыларының шығармашылығы көрсетілетін болады (кемінде 10 қойылым).
|
2024 жылға БАРЛЫҒЫ | 55 682 000 теңге |
- Қандай үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды
Төмендегідей нысанда құрылған коммерциялық емес ұйымдар конкурсқа қатыса алмайды:
1) саяси партиялар;
2) кәсіптік одақтар;
3) діни бірлестіктер;
4) дербес білім беру ұйымдары;
5) дербес кластерлік қорлар;
6) нотариаттық палаталар;
7) адвокаттар алқасы;
8) адвокаттық кеңселер;
9) Заң консультанттарының Республикалық алқасы;
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
11) Қазақстан Республикасының сот сарапшылары палатасы;
12) жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы;
13) Қазақстанның Төрелік палатасы;
14) кәсіби аудиторлық ұйымдар;
15) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес;
16) көппәтерлі тұрғын үйлердің мүлкі меншік иелерінің бірлестіктері.
- Қағидалардың 39-тармағына сәйкес Оператор келесі жағдайларда конкурсқа қатысудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарлама жібереді:
1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;
2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмесе;
3) өтініш берушінің жарғылық мақсаты гранттардың басым бағытына сәйкес келмесе;
4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында (сілтеме: infonpo.gov.kz) өтініш беруші туралы мәліметтер болмаса;
5) егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
6) егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
7) егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі болса;
8) егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
9) егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
10) егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрса;
11) егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
12) егер өтініш берушілердің басшылары, құрылтайшылары террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілсе.
- Гранттардың басым бағыты бойынша конкурс мынадай негіздердің бірі бойынша өтпеді деп танылады:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдердің бірде-біреуі жіберілмегенде;
3) конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздар болмағанда.
- Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты
Өтінімдер Операторға мынадай мерзімдерде енгізіледі:
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ГРАНТТАР БОЙЫНША 15 (ОН БЕС) ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ 2024 ЖЫЛҒЫ «23» МАМЫР МЕН «12» МАУСЫМ АРАЛЫҒЫНДА САҒАТ 18:30-ҒА ДЕЙІН;
КӨРСЕТІЛГЕН МЕРЗІМДЕРДЕН КЕШІКТІРІЛІП, ОНЫҢ ІШІНДЕ ПОШТА БАЙЛАНЫСЫ АРҚЫЛЫ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ҚОЛМА-ҚОЛ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА АРҚЫЛЫ ЕНГІЗІЛГЕН ӨТІНІМДЕР ҚАРАЛМАЙДЫ.
- Өтінімдерді жіберу қажет пошталық және электрондық мекенжайлар
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші өтінімді мынадай тәсілдердің бірімен енгізеді:
Өтінімдер беру тәсіліне қарай пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы қағаз немесе электрондық тасымалдағышта беріледі
1) қағаз нұсқада өтінімдер мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.
Өтінімдерге қол қойылуы, тігілуі, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген адамның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы адамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді қағаз нұсқада қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
2) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтініш берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып, мұрағатталған бірыңғай WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында электрондық тасымалдағышта, пошта байланысы арқылы немесе uvp.atyrau.obl@cisc.kz электрондық поштасына өтінімді міндетті түрде қайталай отырып, қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимарат, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000.
Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді электрондық тасымалдағышта қабылдау уақыты: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін).
3) мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағыты, өтініш берушінің атауы мен байланыстары көрсетіле отырып, электрондық форматта uvp.atyrau.obl@cisc.kz электрондық поштасына мұрағатталған WinRAR, WinZip файлында PDF және MS Word форматында жіберіледі.
Өтінімдерге қол қойылуы, нөмірленуі, өтініш беруші басшысының не сенім білдірілген тұлғаның мөрімен және қолымен бекітілуі тиіс (уәкілетті тұлғаның сенімхаты қоса беріледі).
Өтініш берушінің атынан сенімхат оның басшысының немесе оған құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген өзге тұлғаның қолы қойылып беріледі және егер осы тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрі болуға тиіс болса, өтініш берушінің мөрімен бекітіледі.
Оператордың өтінімдерді қабылдау уақыты өтінімдерді қабылдау күндері тәулік бойы және өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні сағат 18.30-ға дейін.
- Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) Қағидалардың №7 қосымшасына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар үшін қысқа мерзімді гранттар беру конкурсына қатысуға өтінім (сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200029848#z440);
2) құрылтай құжаттарының көшірмелері (барлық өзгерістері мен толықтырулары қоса берілген жарғы, құрылтай шарты (бар болса), өтініш берушінің уәкілетті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі және өтініш берушінің басшысының жеке басын куәландыратын құжаты).
3) өтінімінің «Әлеуметтік жобаның серіктестері» жолын толтырған жағдайда – серіктестердің хаттары, «Іске асырылған негізгі жобалар мен бағдарламалар» жолын толтырған жағдайда – көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері. Шетелдік көздер есебінен әлеуметтік жобалар іске асырылған жағдайда және гранттар Оператор арқылы іске асырылған жағдайда – шарттардың және әлеуметтік жобаның іске асырылуын растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері.
- Қосымша ақпарат және консультация алу
Конкурстық комиссияны іріктеу үдерісімен және қызметімен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларында толығырақ танысуға болады.
Оператордың қызметкерлері өтінімдерді қабылдау барысындағы кез-келген уақытта консультация бере алады. Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін Операторға келесі телефондар арқылы хабарласу керек:
1) өтінім беру мәселелері бойынша мынадай телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 72, 79-04-31;
2) «Әлеуметтік жобаның мақсаты», «Әлеуметтік жобаның міндеттері», «Әлеуметтік жобаның сипаттамасы: іске асыру тетіктері (әдістері)», «Жоба туралы Презентация (сілтеме)», «Әлеуметтік жобаны іске асыру аумағы», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың басталу күні», «Әлеуметтік жобаны іске асырудың аяқталу күні», «Әлеуметтік жобаның нысаналы топтары», «Нысаналы индикаторларды орындауға бағытталған әлеуметтік жобаның нәтижелері», «Әлеуметтік жобаның әріптестері», «Әлеуметтік жобаны ақпараттық сүйемелдеу қалай ұйымдастырылады», «Күнтізбелік жоспар» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша мынадай телефондар арқылы: +7 (7172) 79 08 71, 79 08 04, 79 08 03;
3) «Әлеуметтік жоба шығыстарының сметасы» бөлімдерінің өтінімін толтыру мәселелері бойынша мынадай телефон арқылы: +7 (7172) 79 08 28;
4) uvp.atyrau.obl@cisc.kz электрондық поштасы арқылы.
- ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесі
Конкурс «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» ММ басқарма басшысының «Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «21» мамырдағы №42 бұйрығы шеңберінде өтеді.
Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының басымдықтары, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің жолдаулары, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады. Бұйрықтың және оған қосымшаның көшірмесі «Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы» ММ ресми сайтында орналастырылған:
Құжаттар: