Жарияланған күні: 21.09.2023
Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қызметкерлері Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығының өкілдерімен кездесті. Қонақтарға мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қызметкерлері Атырау облысы Ішкі саясаат басқармасы Азаматтық орталығының өкілдерімен кездесті. Жиынға Атырау облысы Ішкі саясаат басқармасы Азаматтық орталығының басшысы Жанат Досқалиева, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Арман Ашкин және екі ұйымның қызметкерлері қатысты. Тараптар бірыңғай гранттық оператор тетігі арқылы 2024 жылы ҮЕҰ-ға гранттарды жергілікті бюджеттерден ұсыну мүмкіндігін талқылады.
Сондай-ақ, АБҚО мамандары қонақтарға гранттық қаржыландыру операторы қызметінің негізгі бағыттары, грант алушыларды қаржыландыру рәсімдері мен тәртібі туралы айтып, Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Кездесу соңында Азаматтық орталықтың өкілдері өз сұрақтарына жауап алып, гранттық қаржыландыру жүйесін жақсартуға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді.