«Атырау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «31» наурыздағы №11 бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы 07 сәуірде жариялаған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының
№ 26 ХАТТАМАСЫ
Астана қ. 2025 жылғы «21» мамыр
Отырысқа қатысқандар:
№ | ТАӘ | Қатысу туралы мәліметтер |
1. | Карибаева Инара Куатовна | ZOOM арқылы қашықтан қатысты |
2. | Джайлаубаева Данагуль Багитжановна | ZOOM арқылы қашықтан қатысты |
3. | Исмаилов Шавкат Абдуллаевич | ZOOM арқылы қашықтан қатысты |
4. | Алмабаев Алибек Окапович | қатысқан жоқ |
5. | Олжабай Асхат Құрышғалиұлы | қатысқан жоқ |
Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.
Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.
Күн тәртібі:
- Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
- Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.
- Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:
Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері барлық кандидатураларды қарап, Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде Шавкат Абдуллаевич Исмаиловты сайлауға шешім қабылдады.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:
Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:
№ | Сапаршының аты-жөні | Бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны | Конкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны | Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны |
1. | Карибаева Инара Куатовна | 1 | 0 | 1 |
2. | Джайлаубаева Данагуль Багитжановна | 1 | 0 | 1 |
3. | Исмаилов Шавкат Абдуллаевич | 1 | 0 | 1 |
4. | Алмабаев Алибек Окапович | 1 | 0 | 1 |
5. | Олжабай Асхат Құрышғалиұлы | 1 | 0 | 1 |
Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны 1 өтінімді құрайды.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:
Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 1 ҮЕҰ-нан түскен 1 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.
Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.
Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.
Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес балдар береді.
1-кесте
Басым бағыттың атауы | Іске асырылу мерзімі | Грант сомасы (мын тенге) | Өтінім беруші | Карибаева Инара Куатовна | Джайлаубаева Данагуль Багитжановна | Исмаилов Шавкат Абдуллаевич | Алмабаев Алибек Окапович | Олжабай Асхат Құрышғалиұлы | Барлығы |
Қала тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру және этносаралық, конфессияаралық қатынасты нығайту | қысқа мерзімді | 3 000,0 | «Әлеуметтік бағдарламалар орталығы» қоғамдық қоры | 29 | 27 | 30 | 48 | 41 | 175 |
Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:
№ | Басым бағыттың атауы | Іске асырылу мерзімі | ҮЕҰ атауы | Жалпы балл |
1. | Қала тұрғындары арасында діни сауаттылықты арттыру және этносаралық, конфессияаралық қатынасты нығайту | қысқа мерзімді | «Әлеуметтік бағдарламалар орталығы» қоғамдық қоры | 175 |
Сараптама комиссиясы төрағасы _____________ Исмаилов Ш.А.