Астананың 20 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Жарияланған күні: 05.07.2018


Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді келе жатқан елордамыз Астананың 20 жылдығымен құттықтаймыз! Осы уақыт аралығында бас қаламыз әлемге танылған, экономикалық қарқынды дамушы, тек еліміздің ғана емес, бүкіл аймақтың саяси орталығына айналып үлгерді. Сондай-ақ, Астана мыңдаған қазақстандықтарға жаңа өмір бастауға мүмкіндік берген жас шаһар атанды. Біздің орталық Астана қаласы одан әрі дамып, көркейе беруін тілейді.

Ізгі тілекпен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ