Жарияланған күні: 28.04.2023
Жиынға республикамыздың барлық өңірлеріндегі мемлекеттік басқармаларға қарасты тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бөлімінің басшылары қатысты.
Форум барысында тарихи ескерткіштердің қазіргі жағдайы мен оларды қалпына келтіру жайлы пікірталас алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысушылар тарихи ескерткіштердің қазіргі жағдайы мен оларды қалпына келтіру; ескерткіштердің күтіміне еріктілерді тарту сияқты мәселелер талқыланды.
Шара соңында форумға қатысушылар «АЛЖИР» мемориалды кешеніне саяхат жасады.
«Ғасырлар қойнауындағы асыл мұралар» республикалық форумы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасын» іске асырудың аясында өткізілген болатын.