Астанада «Алаш қозғалысы мен Алаш Орда үкіметі: бастауы, қызметінің негізгі кезеңдері және Отан тарихындағы орны» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтеді

Жарияланған күні: 28.09.2017


«Согласие народов» ҚҚ «Алаш қозғалысы мен Алаш Орда үкіметі: бастауы, қызметінің негізгі кезеңдері және Отан тарихындағы орны» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Биылғы жылы Алаш жалпыұлттық партиясы және Алаш Орда үкіметінің құрылғанына 100 жыл және республикамыздағы әр түрлі ұлт өкілдерінен құрылған 100 мыңдаған Отандасымыздың өмірін қиған жаппай саяси қуғын-сүргінге 80 жыл толып отыр.

Бұл орайда «Согласие народов» ҚҚ Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» КЕ АҚ мемлекеттік қаржыландыруы есебінен «Алаш қозғалысы мен Алаш Орда үкіметі: бастауы, қызметінің негізгі кезеңдері және Отан тарихындағы орны» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Ғылыми конференцияның негізгі міндеті – «Алаш» жалпыұлттық қозғалысы мен Республикамызда орын алған Сталиндік саяси қуғын-сүргін туралы өскелең ұрпақ арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Конференция барысында келесідей мәселелер талқыланады:

1. Алаш қозғалысының бастау көздері және алғышарты;

2. Алаш партиясы және бағдарламасы;

3. Алаш Орда үкіметі: құрылудан бастап ақталуға дейін;

4. Қазақстандағы жаппай қуғын-сүргін;

5. Республика аумағында халықты күштеп жер аудару;

6. Қазақстанда лагерлер жүйесінің құрылуы.

Ғылыми конференция жұмысына белгілі Алаш және саяси қуғын-сүргін мәселесімен айналысушы маман ғалымдар, Алаш қозғалысының қуғын-сүргінге ұшыраған ұрпақтары, Астана қаласының студенттері мен магистранттары, үкіметтік емес ұйым мүшелері және ұлттық-мәдени орталықтары қатысады.

Конференцияның нәтижесі бойынша мақалалар жинағы жарияланып, Алаш қозғалысы мен Қазақстандағы саяси қуғын-сүргінге байланысты студенттер арасында өткізілген ең үздік ғылыми мақалаға жарияланған байқаудың қортындысын жариялау жоспарлануда.

Конференция 2017 жылы 29 қыркүйекте, сағ. 11.00 – де (Астана қаласы, Пушкин көшесі 11, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің ғылыми кітапханасы, 104 ауд.) өтеді.

Байланыс телефоны: 8-771-682-10-33 (Маслов Халил).

8-702-825-88-01 (Ахметова Еркежан)