Астана қаласындағы үкіметтік емес ұйымдарға «Рухани жаңғыру» аясындағы «Атамекен» шағын бағдарламасы таныстырылды

Жарияланған күні: 15.11.2017


2017 жылдың 15 қарашасы күні «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қарасты «Азаматтық қоғам» бастапқы партиялық ұйымы Астана қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасымен бірлесе Астана қаласындағы үкіметтік емес ұйымдарға арнап «Рухани жаңғыру» аясындағы «Атамекен» шағын бағдарламасының таныстырылымын өткізді.

Кездесуге «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Сапаров, Азаматтық қоғам істері комитетінің Басқарма төрайымы Әлия Галимова, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның Басқарма төрағасы Нұрлан Өтешев пен Астана қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Каналимов, сонымен қатар, ҮЕҰ-дың өкілдері қатысты.

«Атамекен» шағын бағдарламасын жүзеге асыру үшін үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғамның басқа да институттарының әлеуетін тарту жоспарланып отыр.

Шағын бағдарлама 2 негізгі бағыт бойынша жұмыс істейтін болады:

1. Әлеуметтік бастамалар картасы;

2. Жомарт жүрек.

«Азаматтық қоғам» БПҰ Төрайымының айтуынша, «Атамекен» шағын бағдарламасы Әлеуметтік бастамалар картасы арқылы азаматтық белсінділікті арттырып, қоғамдық ой-сананы жаңғыртуды көздейді.

Азаматтық сектор өкілдері қоғамдық ой-сананы жаңғырту ісіне үкіметтік емес ұйымдардың қатысуының маңыздылығын, себебі үкіметтік емес ұйымдар модернизациялық өзгерістердің негізгі тездетушісі екенін жеткізді.

Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы мен «Асыл бала» Республикалық Ассоциациясы» ЗТБ-мен балалар құқығының қорғалуының құқықтық және әлеуметтік кепілдендірілуі туралы Ынтымақтастық туралы келісіміне қол қойылды.

«Азаматтық қоғам» БПҰ ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жанынан 2017 жылдың маусымында құрылып, Басқарма төрайымы ретінде Ә.Галимова сайланған болатын.