Ашық есік күндері

Жарияланған күні: 06.01.2021


Құрметті достар!

2020 жылғы 28 желтоқсандағы ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар беру үшін жарияланған конкурс шеңберінде 2021 жылғы 11-13 қаңтар аралығында “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ-да “Ашық есік күндері”өтеді.

Аталған іс-шарада барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып, ҮЕҰ-ның барлық өкілдері конкурсқа қатысуға қызығушылық білдірген мәселелер бойынша, оның ішінде гранттық қаржыландыруға қатысуға өтінім жасау мәселесі бойынша қабылдай алады.

Қажет болған жағдайда, ҮЕҰ аймақтық өкілдеріне ZOOM платформасында онлайн кездесу ұйымдастыруға дайынбыз.

Грант алушыларды қатысуға шақырамыз. Біз сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап беруге қуаныштымыз!