«Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «27» ақпандағы №38 бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы «04» наурызда жарияланған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының
№ 7 ХАТТАМАСЫ
Астана қ. 2025 жылғы «__» сәуір
Отырысқа қатысты:
№ | ТАӘ | Қатысу туралы мәліметтер |
1. | Шукурова Еркин Жандуллаевна | ZOOM арқылы қашықтан қатысты |
2. | Шангитбаев Нуржан Курмангалиулы | ZOOM арқылы қашықтан қатысты |
3. | Кабиева Гульнар Абдисаматовна | ZOOM арқылы қашықтан қатысты |
4. | Орынбасар Мақсат Зейнуллаұлы | ZOOM арқылы қашықтан қатысты |
5. | Кенжибекова Салтанат Максатовна | ZOOM арқылы қашықтан қатысты |
Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.
Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.
Күн тәртібі:
- Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
- Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.
- Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:
Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері барлық кандидатураларды қарап, Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде Еркин Жандуллаевна Шукурованы сайлауға шешім қабылдады.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:
Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:
№ | Сапаршының аты-жөні | Бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны | Конкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны | Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны |
1. | Шукурова Еркин Жандуллаевна | 5 | 0 | 5 |
2. | Шангитбаев Нуржан Курмангалиулы | 5 | 0 | 5 |
3. | Кабиева Гульнар Абдисаматовна | 5 | 0 | 5 |
4. | Орынбасар Мақсат Зейнуллаұлы | 5 | 0 | 5 |
5. | Кенжибекова Салтанат Максатовна | 5 | 0 | 5 |
Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны 5 өтінім құрайды.
По третьему вопросу повестки дня:
Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 5 ҮЕҰ-нан түскен 5 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.
Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.
Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.
Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес балдар береді.
1-кесте
Басым бағыттың атауы | Іске асырылу мерзімі | Грант сомасы (мын тенге) |
Өтінім беруші |
Шукурова Еркин Жандуллаевна | Шангитбаев Нуржан Курмангалиулы | Кабиева Гульнар Абдисаматовна | Орынбасар Мақсат Зейнуллаұлы | Кенжибекова Салтанат Максатовна |
Итоги |
Ақтөбе облысында қоғамдық қарым-қатынас саласында медиацияны дамыту | Қысқа мерзімді | 5 500,0 | «Basqary» қоғамдық қоры | 39 | 36 | 30 | 9 | 27 | 141 |
«Келіссөздер академиясы» қоғамдық бірлестігі | 50 | 47 | 48 | 26 | 39 | 210 | |||
«Ұлттық тұтынушылар палатасы» республикалық қоғамдық бірлестігі | 29 | 33 | 45 | 18 | 11 | 136 | |||
«Ана мектебі» қоғамдық қоры | 19 | 33 | 36 | 20 | 7 | 115 | |||
«Алтын өркен» бейбітшілік және келісім қоры» қоғамдық қоры | 29 | 30 | 38 | 9 | 19 | 125 |
Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:
№ | Басым бағыттың атауы | Іске асырылу мерзімі | ҮЕҰ атауы | Жалпы балл |
1. | Ақтөбе облысында қоғамдық қарым-қатынас саласында медиацияны дамыту | Қысқа мерзімді | «Келіссөздер академиясы» қоғамдық бірлестігі | 210 |
Сараптама комиссиясы Төрағасы ____________________ Шукурова Е.Ж.