Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

Жарияланған күні: 04.05.2020


Мемлекет Басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

Аталған қызметке дейін Аида Ғалымқызы Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.