Әзірбайжаннан келген медиа-менеджерлер Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында болып қайтты

Жарияланған күні: 17.09.2021


Әзірбайжаннан келген медиа-менеджерлер Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында болып қайтты
Құрамында Әзірбайжан Республикасы Президенті Әкімшілігі медиа бөлімінің басшысы Камран Гасанов, оның орынбасары Орхан Саттаров, «Әзірбайжан теледидары және радиохабарлары» ЖАҚ төрағасы Ровшан Маммадов, Теледидар және радио ұлттық кеңесінің басшысы Ахмед Исмаилов бар делегация өкілдерімен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында бейресми кездесу өтті.
Іс-шара барысында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Лима Диас қонақтарды ұйым қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Сонымен қатар, делегация өкілдері Қазақстан тарапының ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл және азаматтық секторды дамыту саласындағы қызметті жетілдіру бағытында жүргізіп жатқан жүйелі жұмыстары жайлы мәлімет алды.
Делегация мүшесі Ахмед Исмаиловтың айтуынша, Әзірбайжан тарапы үкіметтік емес сектормен жұмыс жүргізудің қазақстандық тәжірибесіне қызығушылық танытып отыр.
«Грант берудегі, әлеуметтік маңызы бар жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етудегі қазақстандық тәжірибе қызығушылық тудырады. Біз өзімізге қызықты тетіктерді де түртіп қойдық. Оларды Әзербайжанның тиісті мемлекеттік органдарына тапсырамыз. Олар да қызығушылық танытып, бұдан әрі сіздің тарапыңызбен ынтымақтасады деп ойлаймын», – деді ол.
Кездесу соңында тараптар тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.