АБҚО-ның ресми сайтында сарапшыларға арналған оқыту модулі жұмыс істейді

Жарияланған күні: 01.12.2022


Оқыту модулі сондай-ақ, гранттық қаржыландырудан үмітті ҮЕҰ-ның өтінімдерін бағалайтын сарапшылар тізіліміне енгісі келетін үміткерлерге арналған.
Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының ресми сайтында «Әлеуметтік жобаларды сараптау» атты оқыту модулі жұмыс істеуде.
Орталықта белгілі болғандай, жаңа модуль ҮЕҰ-ға гранттарды ұсынудың жаңа ережелеріне сәйкес әзірленген.
Платформа сондай-ақ, гранттық қаржыландырудан үмітті ҮЕҰ-ның өтінімдерін бағалайтын сарапшылар тізіліміне енгісі келетін үміткерлерге арналған.
Платформа «ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттарға шолу», «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарға өтінімдерді бағалау жөніндегі сарапшылар тізілімін және сараптамалық комиссияны қалыптастыру рәсімі», «Мерзімі қысқа, орташа және ұзақмерзімді гранттарға түсетін өтінімдерді бағалау».
Оқу аяқталғаннан кейін сарапшылар тізілімінен үмітті азаматтар арнайы тестілеуден өтіп, өз біліктілігін арттыра алады. Тестілеу барысында жақсы нәтиже көрсеткен сарапшылар, сертификатқа ие болады.