АБҚО-ның грант алушылары жобаларды басқару жөніндегі курстан өтеді

Жарияланған күні: 19.07.2022


Бүгін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисімен бірлескен жоба аясында Орталықтың грант алушыларына арналған онлайн оқыту басталды.
Жобаның мақсаты – Орталықтың грант алушыларының біліктілігін арттыру, іске асырылып жатқан жобалардың тұрақтылығы мен үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету.
Оқыту барысында курс тыңдаушылары фандрайзинг, жобалық басқару, сыртқы коммуникациялар және қаржылық менеджмент салаларына қатысты білімін арттыра алады.
Курстың тренерлері – жобаларды қаржылық басқару, журналистика және маркетинг, фандрайзингті зерттеу саласындағы тәжірибелі сарапшылар.
Оқыту 25 тамызға дейін жалғасады.
Курс аяқталған соң барлық тыңдаушыларға сертификаттар табысталмақ.