АБҚО алаңында ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттар конкурсы жеңімпаздарының жобаларын жария таныстыру рәсімі аяқталды.

Жарияланған күні: 21.05.2021


АБҚО алаңында ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттар конкурсы жеңімпаздарының жобаларын жария таныстыру рәсімі аяқталды.

Үш күн ішінде онлайн режимінде келесі жобалар ұсынылды:
“Қазақстан КТК Одағы” РМБҰ – жастар арасында мемлекеттік тілді дәріптеу бойынша іс-шаралар өткізу,
“Замандас 21” ҚҚ – “Қиын өмірлік жағдайға тап болған балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру”,
“Дінтанушылар конгресі” ҚБ – арнайы Ислам Интернет-порталының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету “Kazislam.kz”, “Қызылорда еріктілері” ҚҚ – “Аға ұрпақты волонтерлік қызметке тарту бойынша “Күміс волонтерлік” жобасы, “Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы” ҚБ – “Қайырымды істер марафоны” жобасы, “Eurasian Expert Counsil” ҚҚ- “Азаматтық қоғамды дамытудағы диалог алаңдарының рөлі: халықаралық тәжірибе”.

Жоба таныстырылымы барысында байқау жеңімпаздары өз жобаларының мақсаттары мен міндеттерін, ұсынылатын қызметтер мен күтілетін нәтижелер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, ҮЕҰ өкілдері жоба таныстырылымында көрермендердің сұрақтарына толық жауап берді.

Әлеуметтік жобаның таныстырылымын біздің сайттан cisc.kz Орталықтың Facebook парақшасында және Cisc Kazakhstan Youtube арнасынан көре аласыздар.