Абайдың 175 жылдығына арналған “Мүшайраның” жеңімпаздары анықталды

Жарияланған күні: 26.10.2020


Бұл туралы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ Басқарма төрайымы Бәтима Мукина фейсбук желісіндегі өзінің парақшасында жазды.

«Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармалары бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Қазіргі жастар ұлы ақынның идеялары мен ойларын бойларына сіңіре білсе дейміз. Абай философиясы бәріміз үшін рухани қолдау бола алады.

Биыл ұлы ақынның, философтың 175 жылдығы. Осыған байланысты еліміздің барлық өңірлерінде оның мерейтойына арналған іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, “Абайдың 175 жылдығына арналған “Мүшайра” республикалық жас ақындар конкурсын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу” әлеуметтік жобасы. Жобаны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ гранттық қаржыландыруына “Педагогикалық ғылымдар академиясы” қоғамдық бірлестігі іске асыруда.

Жобаның мақсаты жастарды ынталандыру, қазіргі заманғы әдебиет пен журналистиканы танымал ету, жас жазушылар мен ақындардың шығармашылық әлеуетін қолдау және дамыту болды.

1165 қатысушыны қамтыған 7 челлендж өтті, онда 17 жеңімпаз анықталды. Апта сайын викторина өткізілді, барлық сұрақтар Абайдың 175 жылдығына қатысты болды. Викторина бір ай бойы халықты конкурс және жоба туралы ақпараттандыру мақсатында Инстаграмм әлеуметтік желісінде өтті. Нәтижесінде викторинаға 3 175 адам қатысып, 12 жеңімпаз анықталды.

Сондай-ақ, 573 адамды қамтумен кәсіби әдеби жазу дағдыларына оқыту бойынша 17 тренинг өткізілді.

Республикалық “Мүшайра” екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – іріктеу, ҚР облыстарында өткізілді. Мысалы, СҚО бойынша аймақтық ұйымдастырушы Kozybayev University болды. Байқау ең дарынды және талантты жастарды анықтауға көмектесті. Жеңімпаздар байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды.

Соңғы республикалық кезеңге 51 қатысушы қатысты. Қазылар алқасы жұмысты 6 критерий бойынша бағалады. Нәтижесінде 4 қатысушы жеңімпаз атанды: Тілеухан Дәурен Тілеуханұлы – бас жүлде, Шеризатов Арман Манарбекұлы – 1-орын, Файзолла Алпамыс Бауыржанұлы – 2-орын, Досжанова Рысгүл – 3-орын.

Қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевты оқуға жастардың қызығушылығын арттыра отырып, жастардың шығармашылық ізденісін арттыруға, жас жазушылардың, ақындардың, журналистердің шеберлігін жақсартуға, жаңа есімдерді анықтауға ықпал ететінімізге сенімдімін. Абай мұрасы – мәңгілік тақырып», – деп жазды Бәтима Мукина.