Жарияланған күні: 28.12.2016
“Азамататтық бастамаларды қолдау орталығы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2016 жылдың 28 желтоқсан күні, сағат 15.00-де 2016 жылғы жасалған жұмысының қоғамдық есебін өткізеді. Қоғамдық ұйым мен БАҚ өкілдері алдында коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы Нұрлан Сүлейменұлы Өтешев сөз сөйлейді. 2016 жылы құрылған ұйымның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту. Орталық – мемлекеттік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы бірыңғай оператор болып табылады. Оператор ағымдағы жылы 11 бағыт бойынша, жалпы сомасы 195 млн теңгені құрайтын грант үлестірген еді. Кездесу барысында қаражаттың қайда жұмсалғаны, қандай жетістіктерге жетіп, келер жылға мақсаттары жайында сөз қозғалады. БАҚ аккредитациясы үшін info@cisc.kz электронды жәшігіне немесе 87071748194 – нөмірі бойынша.