АБҚО қашықтықтан жұмыс істеуге көшті

Жарияланған күні: 18.03.2020


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеуге көшті.

Бұл шара коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне байланысты қабылданып отыр.

Еске сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирусының әлемде кеңінен таралуына байланысты қауіпті дертті пандемия деп сипаттауына байланысты төтенше жағдай азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жарияланды.