АҚШ Елшілігінің Шағын гранттар бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды.
АҚШ Елшілігінің Шағын гранттар бағдарламасы Қазақстанда азаматтық қоғамға қолдау көрсетуге, сондай-ақ қазақстандықтардың мүдделері мен бастамаларын ілгерілетуге бағытталған.
Өтінімдер келесі мерзімдерге дейін қабылданады:
1) 2020 жылғы 20 қаңтардың сағат 23.59 дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты), және
2) 2020 жылғы 9 наурыздың сағат 23.59 дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты).
Жүзеге асыру мерзімі: 9-12 ай
Жобаны жүзеге асыру үшін минималды қаржыландыру сомасы: 10 АҚШ долл.
Жобаны жүзеге асыру үшін максималды қаржыландыру сомасы: 50 АҚШ долл.
Жобалық өтінімдер келесі тақырыптардың бірін қамтуы тиіс:
Заңның үстемдігі және құқықтық реформа
Үкіметтің транспаренттілігі және жемқорлықпен күрес
Адам саудасымен күрес
Адамдардың құқығын қорғау және толеранттылықты ілгерілету
Ортақ мүдделерді ілгерілету мен қорғау бойынша қоғам өміріндегі ағартушылық және ақпараттық-түсіндіру кампаниялары (азаматтық білім беруді қосқанда)
Азшылық топтардың мүдделерін қорғау
Әйелдерді құқықтары мен мүмкіншіліктерін кеңейту
Қосымша ақпаратты келесі сілтеме арқылы ала аласыз: