АҚШ Қоғамдық Шешімдер Бағдарламасы

Community Solutions бағдарламасы АҚШ Мемлекеттік Департаментінің Білім және мәдениет бюросымен қаржыландырылып, «IREX» үкіметтік емес ұйымымен басқарылады. Аталған алмасу бағдарламасы аясында бүкіл әлемдегі көшбасшыларға 2020 жылдың тамыз бен желтоқсан айлары аралығында қарқынды кәсіби дамудан өтуге мүмкіндік беріледі. Бағдарлама қатысушылары қоғамдық жұмыстар саласында маңызды тәжірибеге ие болып, өз мемлекеттеріндегі көшбасшылық және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге ат салыса алады.

ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ

2020 жылдың 1 қаңтарында талапкерлер 25-38 жас аралағында болуы керек;
Талапкерлердің қоғамды дамыту саласында кем дегенде 2 жыл тәжірибесі болуы керек немесе әлеуметтік көмек көрсету саласында штаттағы қызметкер немесе ерікті ретінде 2 жылдық тәжірибесі болуы керек;
Талапкер өз мемлекетінде тұрып, қызмет атқаруы тиіс (ресми түрде босқын лауазымына ие және өз мемлекеті атынан басқа мемлекетте қызмет атқаратын адамдар бағдарламаға қатыса алады) ;
Жазбаша және ауызекі ағылшын тілін еркін білу қажет.
Құжаттар онлайн жүйе арқылы 2019 жылдың 30 қазанға дейін қабылданады.

Толық ақпарат осында