Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде жарияланған қайта конкурстың алдын-ала нәтижелері

Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде жарияланған қайта конкурс нәтижелері 2020 жылғы 5 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы «10» шілдедегі № 223 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) техникалық талаптарына және үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар берудің 2020 жылға арналған жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес3 тақырып бойынша 25 үкіметтік емес ұйымнан (бұдан әрі – ҮЕҰ ) 30 өтінім келіп түсті, өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 30 шілдесінде аяқталды.

1) 35-ші тақырып бойынша «Жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету» жобасын іске асыру» – 12 ҮЕҰ-нан 12 өтінім келіп түсті;

2) 38-ші тақырып бойынша «Отбасылық қарым-қатынасты нығайту бойынша іс-шараларды іске асыру («Шаңырағың биік болсын!»)- 10 ҮЕҰ-нан 14 өтінім келіп түсті;

3) 61-ші тақырып бойынша «Бейбіт жиындар ұйымдастыру және өткізу жөніндегі заңнаманы түсіндіру жөніндегі семинарлар» – 3 ҮЕҰ-нан 4 өтінім келіп түсті.

30 өтінімнің ішінде::

Алматы қаласынан 9 өтінім;

ШҚО-мен 2 өтінім;

БҚО-дан 1 өтінім;

Қызылорда облысынан 2 өтінім;

Нұр-Сұлтан қаласынан 14 өтінім;

Павлодар облысынан 1 өтінім;

СҚО-нан 1 өтінім.

9 өтінім қазақ тілінде, 21 өтінім орыс тілінде түсті.

Конкурсқа қатысу үшін ҮЕҰ жіберген 30 өтінімнің ішінде:

  • 5 өтінім бойынша 5 ҮЕҰ-ға өтінімнің бекітілген жоспарға сәйкес келмеуіне байланысты конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
  • 1 өтінім бойынша 1 ҮЕҰ-ға грант тақырыбының Жарғыға сәйкес өтініш берушінің пәніне, мақсатына және қызмет түрлеріне сәйкес келмеуіне байланысты конкурсқа қатысуға жіберілмейді
  • 11 өтінім бойынша 11 ҮЕҰ-ға Қағидалардың 13-тармағының 3-тармақшасына сәйкес мәліметтердің болмауы және ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтердің уақтылы ұсынылмауы себебінен конкурсқа қатысуға жіберілмеді.
  • Конкурсқа қатысуға конкурстық комиссияның қарауына жіберілді:
№ п/п Тақырып ҮЕҰ-ның атауы
«Жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету» жобасын іске асыру» Карабеков Агабек атындағы Қоғамдық қор
«Отбасылық қарым-қатынасты нығайту бойынша іс-шараларды іске асыру («Шаңырағың биік болсын!») «Отбасы мектебі» отбасын қолдау жөніндегі Қоғамдық қоры
«Отбасылық қарым-қатынасты нығайту жөніндегі іс-шараларды іске асыру (“Шаңырағың биік болсын!»)» «Шығыс Қазақстан облыстық Татар қоғамдық орталығы» Қоғамдық бірлестігі
«Отбасылық қарым-қатынасты нығайту жөніндегі іс-шараларды іске асыру (“Шаңырағың биік болсын!»)» «Қазақстан психологтарының одағы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі
«Отбасылық қарым-қатынасты нығайту жөніндегі іс-шараларды іске асыру (“Шаңырағың биік болсын!»)» «Bugin Association» Қоғамдық Бірлестігі
  • 1 өтінім бойынша 1 ҮЕҰ-ға грант тақырыбының Жарғыға сәйкес өтініш берушінің пәніне, мақсатына және қызмет түрлеріне сәйкес келмеуіне байланысты конкурсқа қатысуға жіберілмейді:
№ п/п Тақырып ҮЕҰ-ның атауы
1 «Жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету» жобасын іске асыру» “Шығыс Қазақстан облыстық Татар қоғамдық орталығы” Қоғамдық бірлестігі
  • 11 өтінім бойынша 11 ҮЕҰ-ға Қағидалардың 13-тармағының 3-тармақшасына сәйкес мәліметтердің болмауы және ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтердің уақтылы ұсынылмауы себебінен конкурсқа қатысуға жіберілмеді:
ҮЕҰ-ның атауы Мәліметтерді ұсыну күні Уақтылығы
«Заң клиникасы» Ure Lex (Юре Лекс)» 2019 жылдың есепті мәліметтері ұсынылмады
«NEXT TIME қоры»

Қоғамдық қоры

2019 жылдың есепті мәліметтері ұсынылмады
«Қара шаңырақ» Қоғамдық бірлестігі Мемлекеттік тіркеу күні-13.03.2020.

Дерекқорда жоқ.

«Үш байлық» Қоғамдық бірлестігі 2019 жылдың есепті мәліметтері ұсынылмады
«Әйелдерді қолдау аймақтық орталығы» Қоғамдық бірлестігі 19.06.2020 Уақтылы емес
«DAYR» Қоғамдық қоры 12.04.2020 Уақтылы емес
«Қазақстанның электр машина жасаушылар қауымдастығы» ЗТБ 28.07.2020 Уақтылы емес
«Жоғары жастар кеңесі» Қоғамдық бірлестігі Мемлекеттік тіркеу күні-13.03.2020.

Дерекқорда жоқ

«Ұлағатты Жануя» Қоғамдық бірлестігі 2019 жылдың есепті мәліметтері ұсынылмады
«РУХАНИ ҚОҒАМ ӘЛЕМІ»

Қоғамдық қоры

2019 жылдың есепті мәліметтері ұсынылмады
«Алтын мұрагер» Қоғамдық қоры 2019 жылдың есепті мәліметтері ұсынылмады

1) 35-ші тақырып «Жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету» жобасын іске асыру» -7 өтінім;

2) 38-ші тақырып Отбасылық қарым-қатынасты нығайту жөніндегі іс-шараларды іске асыру («Шаңырағың биік болсын!») – 4 өтінім;

3) 61-ші тақырып «Бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу жөніндегі заңнаманы түсіндіру жөніндегі семинарлар» – 2 өтінім.