Елордалық волонтерлер ашық аспан астында жаттығу жасады

Жарияланған күні: 11.04.2023


Елордалықтар «Біз салауатты өмір қуанышын сыйлаймыз!» акциясына қатысты.
Акция Дүниежүзілік Денсаулық күніне орай ұйымдастырылды.

Өткен аптада бастау Алматыда алып, Тараз және Қарағанды қалаларында жалғасын тапқан спорттық челлендж кеше Астананың орталық саябағында өтті. Волонтерлер қала тұрғындары мен қонақтарына ашық аспан астында жаттығу жасатты.
«Іс-шара әрбір қатысушыға сергектік пен тамаша көңіл-күй сыйлады деп сенеміз», – дейді ұйымдастырушар.
Челлендж еліміздің басқа қалаларында да жалғасын табады.


Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған акция «Birgemiz:Saulyq» жалпыұлттық жобасы аясында өткізілді.