Ғылым қоры мен АБҚО өзара түсіністік туралы меморандум жасасты

Жарияланған күні: 06.04.2023


Меморандум маңызды әлеуметтік мәселелер мен бастамаларды ілгерілетуге жәрдемдесу мақсатында ғылым және азаматтық қоғамды дамыту салаларында өз қызметін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы әріптестік қатынастарды дамыту шеңберінде бекітілді.

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ғылым және технологияларды коммерцияландырудағы жастар» тақырыбында «Technology Commercialization Point» диалог алаңы ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрайымы Әлия Оспанова мен Ғылым қорының Басқарма төрағасы Әбділда Шаменов өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.


Құжатқа сәйкес тараптар гранттық қаржыландыру және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды ілгерілету шеңберінде өзара білім, құзыреттер және табысты тәжірибе алмасуды жүзеге асыруға уағдаласты.

Бұдан бөлек, ұйымдар ҮЕҰ мен сарапшылар қоғамдастығы өкілдерінің әлеуетін арттыру бағытында бірлескен оқыту іс-шараларын өткізбек.

Ынтымақтастық бағыттарының тағы да бірі – өзара ұйымдастырушылық, консультациялық және ақпараттық-талдамалық қолдау.

Меморандум бес жыл бойы күшінде болады.