Мемлекеттік емес гранттар конкурсын өткізу туралы Ереженің 3.6.1-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды
Жобаларды басқару департаменті осымен «EcoBatys 2.0» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік емес гранттар беру конкурсының қорытындысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2023 жылғы 27 ақпаны 7 ҮЕҰ-дан 7 өтініш, оның ішінде мемлекеттік тілде – 2 ҮЕҰ-дан 2 өтініш, орыс тілінде 5 ҮЕҰ-дан 5 өтініш түсті.
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 09 наурызда Астана қ. уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.
А.ж. 13 наурызда өтінімдердің конкурс өткізу туралы Ереженің 3.6.1-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкестігін тексеру аяқталды, оның ішінде:
- «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы» ҚР Заңының 5-1-бабына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында мәліметтері қамтылған;
- тіркелген сәттен бастап кемінде 3 ай әрекет етіп келген;
- өтінімге сай мемлекеттік емес грантты іске асыру өңірінде (Батыс Қазақстан, Атырау немесе Маңғыстау облысы) орналасқан және/немесе сонда филиалдары бар;
- тарату процесінде тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
- атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі жоқ;
- мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрмаған;
- мүлкіне тыйым салынбаған;
- экономикалық қызметі тоқтатылмаған;
- басшылар, құрылтайшылар террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілмеген;
- басшылар, құрылтайшылар тапсырыс берушінің және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылмайтын;
- мемлекеттің және (немесе) мемлекеттік органдардың ұйымның жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысуы жоқ;
- құрылтайшылар мемлекеттік/квазимемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері болып табылмайтын, сондай-ақ құрылтайшылар мен қызметкерлер арасында саяси маңызы бар адамдар жоқ;
- ұйымның бірінші басшылары мен құрылтайшыларында соттылық, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ ұйымның алдыңғы шарттық міндеттемелерін жосықсыз орындау фактілері жоқ.
Конкурсқа қатысуға жіберілген үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптау комиссиясы жүзеге асырады.
Өтінішті қарау нәтижелері бойынша оператор шешім қабылдады:
1) мемлекеттік емес грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:
№ | Облысы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Ұйымның атауы |
1 | Атырау | Жер ресурстарын қорғау және қалпына келтіру, тұрақты жер пайдалану | Общественный фонд «Центр социальных программ» |
2 | Литературно-исторический культурный фонд “Алшы” | ||
3 | |||
4 | Фонд «Фонд поддержки и развития «ТАН» | ||
«ҮМІТ-НОРЕ-НАДЕЖДА» жеке меншік қоры |
2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік емес грант беруге арналған конкурсқа қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):
№ | Мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Ұйымның атауы |
1 | Атырау | Жер ресурстарын қорғау және қалпына келтіру, тұрақты жер пайдалану | «Сұлтан» ҚБ |
2 | Общественное объединение «Центр эколого-правовой инициативы «Глобус» | ||
3 | Общественное объединение «Мүгедек Әлемі» |
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ