АҚШ Елшілігінің 2023 жылғы шағын грант бағдарламасына өтініш беру ашық деп жарияланды

Жарияланған күні: 27.02.2023


АҚШ Мемлекеттік департаментінің Қазақстандағы АҚШ миссиясының қоғамдық дипломатия бөлімі Миссияның жыл сайынғы шағын гранттар бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдайды. Бағдарлама қазақстандық коммерциялық емес, үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) және қауымдастықтарға, азаматтық қоғамның коммерциялық емес ұйымдарына және тәуелсіз жергілікті БАҚ-қа конкурстық негізде шағын гранттар беру арқылы қазақстандық демократиялық институттар мен азаматтық қоғамды дамытуды қолдауға бағытталған.

10 000 доллардан 50 000 долларға дейінгі гранттық өтінімдер келесі басым бағыттар бойынша беріледі:

  • Қазақстандық ұйымдардың, ықпалды тұлғалар мен пікір көшбасшыларының құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және біріктіруші күшін нығайту;
  • Таза энергия қуатын кеңейту және экономиканы декарбонизациялау.

Бағдарламаның мақсаты:

  • Жұртшылықтың хабардарлығын арттыру және парниктік газдар мен метан шығарындыларын азайтуға бағытталған шараларды қабылдауды кеңейту есебінен Қазақстанның экологиялық таза энергияға көшуін қолдауды арттыру.

Жобаның мақсаттары (өтініш берушілер өз ұсыныстарында төмендегі тапсырмалардың бірін немесе бірнешеуіне бағытталған жоба ұсынуы мүмкін):

  • Климаттың өзгеруін төмендетудегі таза энергияның рөлі туралы қоғамдық түсініктерді арттыру;
  • Энергетика мен қоршаған ортаға қатысты практикалық шешімдерді әзірлеу үшін азаматтық қоғам мен Ғылым және Жоғары Білім министрлігі арасында серіктестік құру;
  • Энергетика саласындағы мамандардың кадрларды оқыту және даярлау арқылы таза және жасыл энергия саласындағы кәсіпкерліктің мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру;
  • Жаңа бастаған мамандарға арналған оқыту бағдарламалары мен білім беру мүмкіндіктері арқылы экологиялық таза энергетика саласына тиісті дағдыларды дамыту;
  • Экологиялық және экономикалық өміршеңдік пен рентабельділікті көрсету арқылы үкімет пен жергілікті мүдделі тараптардың таза энергия жолдары қолдауын арттыру.

Конкурс шарттары:

  • Қазақстанда орналасқан коммерциялық емес ұйымдар, азаматтық қоғам/үкіметтік емес ұйымдар өтінім беруге құқылы.

Өтініш беру мерзімі: 2023 жылғы 16 сәуір

Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша табуға болады: https://www.grants.gov/web/grants/view-opportunity.html?oppId=346119