Мемлекеттік емес гранттар конкурсын өткізу туралы Ереженің 3.6.1-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды.

Мемлекеттік емес гранттар конкурсын өткізу туралы Ереженің 3.6.1-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды.

Мемлекеттік емес гранттар конкурсын өткізу туралы Ереженің 3.6.1-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды.

Жобаларды басқару департаменті осымен «EcoBatys 2.0» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік емес гранттар беру конкурсының қорытындысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2023 жылғы 16 қаңтарда 31 ҮЕҰ-дан 30 өтініш, оның ішінде мемлекеттік тілде – 13 ҮЕҰ-дан 12 өтініш, орыс тілінде 18 ҮЕҰ-дан 18 өтініш түсті.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 30 ақпанда Астана қ. уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.

А.ж. 06 ақпанында өтінімдердің конкурс өткізу туралы Ереженің 3.6.1-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкестігін тексеру аяқталды, оның ішінде:

  • «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы» ҚР Заңының 5-1-бабына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында мәліметтері қамтылған;
  • тіркелген сәттен бастап кемінде 3 ай әрекет етіп келген;
  • өтінімге сай мемлекеттік емес грантты іске асыру өңірінде (Батыс Қазақстан, Атырау немесе Маңғыстау облысы) орналасқан және/немесе сонда филиалдары бар;
  • тарату процесінде тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
  • атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі жоқ;
  • мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрмаған;
  • мүлкіне тыйым салынбаған;
  • экономикалық қызметі тоқтатылмаған;
  • басшылар, құрылтайшылар террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілмеген;
  • басшылар, құрылтайшылар тапсырыс берушінің және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылмайтын;
  • мемлекеттің және (немесе) мемлекеттік органдардың ұйымның жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысуы жоқ;
  • құрылтайшылар мемлекеттік/квазимемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері болып табылмайтын, сондай-ақ құрылтайшылар мен қызметкерлер арасында саяси маңызы бар адамдар жоқ;
  • ұйымның бірінші басшылары мен құрылтайшыларында соттылық, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ ұйымның алдыңғы шарттық міндеттемелерін жосықсыз орындау фактілері жоқ.

 

Конкурсқа қатысуға жіберілген үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптау комиссиясы жүзеге асырады.

 

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша оператор шешім қабылдады:

1) мемлекеттік емес грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:

Облысы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асыру мерзімі Ұйымның атауы
1 Атырау  

 

Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану

қысқа мерзімді ББК «Беймахис»
2 қысқа мерзімді ОФ «Ойыл озені»
3 қысқа мерзімді ОФ «Ер Жүректілер»
4 қысқа мерзімді ОФ «Ecologica»
5 Биологиялық әртүрлілік пен экожүйелерді сақтау және ұтымды пайдалану қысқа мерзімді ОО «Талаптан»
6 қысқа мерзімді ОФ «Құрманғазы-Туған жер»
7 Маңғыстау Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану қысқа мерзімді МОО «Түпқараған жастары»
8 қысқа мерзімді НПУ «Эко Магистау»
9

 

қысқа мерзімді ОФ «Луара»
10 қысқа мерзімді ОФ «Бейнеу Жаркын Болашак»
11 қысқа мерзімді МОФ «Хазірет»
12 Биологиялық әртүрлілік пен экожүйелерді сақтау және ұтымды пайдалану қысқа мерзімді Общественное объединение «АСЕР»
13 қысқа мерзімді Фонд “Центр изучения и реабилитации каспийского тюленя”
14 қысқа мерзімді ОЮЛ Региональная ассоциация НПО Западного казахстана «Табиги Орта»
15  

Жер ресурстарын қорғау және қалпына келтіру, тұрақты жер пайдалану

қысқа мерзімді ЧУ «Центр» Қолдау»
16 қысқа мерзімді Частный Фонд Мангилик Ел Мангыстау
17 қысқа мерзімді Қазақстан Республикасы Кіші Ғылым Академиясы қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облысының филиалы ҚБ
18 қысқа мерзімді Некоммерческое учреждение “Центр

стратегических исследований “GUMOL”

19 Батыс Қазақстан  

 

Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану

 

 

 

 

 

 

қысқа мерзімді ОО «Шабыт»
20 қысқа мерзімді ЗКООО Союз женщин Приуралья Үміт
21 қысқа мерзімді КФ «Болашак ЗКО»
22 қысқа мерзімді Частный фонд «Фонд содействия научным исследованиям»
23 қысқа мерзімді Общественный благотворительный фонд «Аялаган алакан»
24 қысқа мерзімді ОФ «Медиа білім»
25 қысқа мерзімді Общественное объединение «XXI ғасыр Батыс әйелдері»
26 Биологиялық әртүрлілік пен экожүйелерді сақтау және ұтымды пайдалану қысқа мерзімді МОО «Интеграл»
27 қысқа мерзімді Орхусский центр ЗКО ЧФ «Green Gaiк»
28 Жер ресурстарын қорғау және қалпына келтіру, тұрақты жер пайдалану қысқа мерзімді Батыс Казахстан Ормандары
29 қысқа мерзімді ОФ «Медиа білім»

 

2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік емес грант беруге арналған конкурсқа қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

Мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асыру мерзімі Ұйымның атауы
1 Маңғыстау Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану қысқа мерзімді Частное учреждение “Гражданское право по Мангистауской области”
2 Батыс Қазақстан Биологиялық әртүрлілік пен экожүйелерді сақтау және ұтымды пайдалану қысқа мерзімді Частное учреждение «Молодежный трудовой и строительный отряд «Жасыл ел» по Западно-Казахстанской области»

 

 

Берілген өтінімдердің болмауына байланысты «Атырау облысында жер ресурстарын қорғау және қалпына келтіру, тұрақты жер пайдалану» бағыты бойынша «EcoBatys 2.0» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік емес гранттар беруге арналған конкурс өтпеді деп танылсын.

Осыған байланысты, көрсетілген бағыт бойынша Оператор «Shell Kazakhstan B.V.» компаниясының филиалымен келісім бойынша қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдады.

 

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ