Қағидаларда көзделген талаптарға және Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының Мемлекеттік гранттарының басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидаларда көзделген талаптарға және Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының Мемлекеттік гранттарының басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

 

Жобаларды басқару бөлімі осымен Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) 2023 жылға арналған мемлекеттік гранттар беру конкурсының қорытындысы бойынша Орталық КЕАҚ жариялағанын хабарлайды. Азаматтық бастамаларды қолдау бойынша (бұдан әрі – Оператор) 2023 жылғы 23 қаңтарда 15 ҮЕҰ-дан 23 өтініш, оның ішінде мемлекеттік тілде – 9 ҮЕҰ-дан 11 өтініш, орыс тілінде 6 ҮЕҰ-дан 12 өтініш түсті.

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 10 ақпанда Астана қ. уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.

А.ж. 15 ақпанында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының талаптарына және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:на соответствие заявки требованиям настоящих Правил;

  • өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмегенде;
  • өтініш берушінің жарғылық мақсаты мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келмегенде;
  • Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмағанда;
  • егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
  • егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
  • егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар болса;
  • егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
  • егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
  • егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған болса;
  • егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
  • егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген болса.

Конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер Қағидалардың 40-тармағына сәйкес сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін бағалау және грант алушыларды айқындауды сараптау комиссиясы жүзеге асырады.

 

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша оператор шешім қабылдады:

1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:

 

Мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асыру мерзімі Ұйымның атауы
1 Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу Мемлекеттік органдардың БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимылы қысқа мерзімді ЗТБ «Казахстанская Ассоциация Даму»
2 қысқа мерзімді  «Эко Мангистау» Үкіметтік емес мекемесі
3 қысқа мерзімді «Шаңырақ» қоғамдық қоры
4 Мемлекеттік рәміздердің рөлін арттыру арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру қысқа мерзімді «Жастар жетістіктері» ҚҚ
5 қысқа мерзімді «АСЕР» ҚБ
6 қысқа мерзімді Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Ақтау қалалық қоғамдық бірлестігі «Боевое братство»
7 қысқа мерзімді «Жағымды жаңалық» қоғамдық қоры
8 қысқа мерзімді «JasART» жеке меншік мекемесі
9 қысқа мерзімді «Бала жолы» қоғамдық қоры
10 Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру қысқа мерзімді ЖҚБ «Tupkaragan zhastari»
11 қысқа мерзімді Қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі «Гражданский Альянс Мангистауской области по вопросам развития общества»
12 қысқа мерзімді ЗТБ «Казахстанская Ассоциация Даму»
13 Азаматтық қоғамды дамытуды ақпараттық қолдау қысқа мерзімді  «Эко Мангистау» Үкіметтік емес мекемесі
14 Азаматтық қоғамды дамыту қысқа мерзімді Қауымдастық нысанындағы ЗТБ «Гражданский Альянс Мангистауской области по вопросам развития общества»
15 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қысқа мерзімді ЗТБ «Казахстанская Ассоциация Даму»
16 қысқа мерзімді  «АСЕР» ҚБ
17 қысқа мерзімді «Эко Мангистау» Үкіметтік емес мекемесі
18 қысқа мерзімді «Бейнеу Жарқын Болашақ» қоғамдық қоры
19 қысқа мерзімді «Риза ана» қоғамдық қоры
20 Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу Отбасылық құндылықтарды насихаттау қысқа мерзімді  «Саламатты Ел» ҚҚ
21 қысқа мерзімді Одақ нысанындағы дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың бірлестігі «Альянс региональных женских инициатив западных областей Казахстана «ORTAQ»
22 қысқа мерзімді «Бейнеу Жарқын Болашак» қоғамдық қоры
23 қысқа мерзімді «Бала жолы» қоғамдық қоры