5 маусымда ҚР Конституциясына түзетулер енгізу жөніндегі референдум өтеді

Жарияланған күні: 06.05.2022


Мемлекет басшысы ұсынған Жаңа Қазақстан тұжырымдамасы ауқымды реформаларды көздейді.

Тиімді мемлекетті азаматтық қоғаммен тығыз қарым-қатынассыз құру мүмкін емес.
Жаңа редакцияда заң үстемдігі қағидаттары, адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттар айнасын табады деп күтілуде.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев негізгі заңға өзгерістер енгізілмесе, қайта құру процесстерін тиімді жүзеге асыру мүмкін емес екендігін атап өткен болатын.
5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылдау жөніндегі республикалық референдум өтеді.
Негізгі заңға жер, адам құқықтары және басқа да бірқатар салалар бойынша түзетулер енгізіледі деп күтілуде.
Түзетулер аясында жер мен жер қойнауын Қазақстан халқының меншігі деп жариялау ұсынылады. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асыратын болады.
Түзетулер өлім жазасына тыйым салады.

Елде жаңа партиялар пайда болады.Жұмысын жалғастырушы партиялар да өз қызметін заманауи талаптарға сай қайта құра бастайды.
Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігі күшейтілетіндіктен, қазақстандықтардың елді басқаруға қатысуы кеңейе түспек. Парламент Палаталары мен мәслихаттардың рөлі күшейіп, мәртебесі артады.
Сайып келгенде, референдумдағы әрбір қазақстандықтың дауысы үлкен саяси өзгерістердің дамуына ықпал етеді деп жоспарлануда.