26 қарашада Қазақстанның IX Азаматтық форумы шеңберінде Донорлар форумы өтеді

Жарияланған күні: 19.11.2020


Елордада Донорлар форумы өтеді
26 қарашада Қазақстанның IX Азаматтық форумы мен азаматтық қоғам апталығы шеңберінде онлайн форматта Донорлар форумы өтеді.
Донорлар форумы – бұл Қазақстанның ірі меценаттарын, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік көшбасшыларын, сондай-ақ өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын халықаралық донорлық ұйымдар өкілдерін біріктіретін сарапшылардың диалог алаңы.
Форум қорытындысы бойынша Қазақстанның IX Азаматтық форумының қарар жобасына ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленетін болады.