2024 жылғы 9 сәуірдегі конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы отырысының №40 хаттамасынан үзінді

2024 жылғы 9 сәуірде жарияланған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының «2024-2025 жылдарға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы 29 ақпандағы № 11-1-4/75 бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 04 маусымдағы № 40 хаттамасынан

ҮЗІНДІ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1 Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту Халықаралық аренада (ҚХР және Англия алаңдарында) Қазақстан Республикасының оң халықаралық имиджін қамтамасыз ету орта мерзімді «Терроризмге қарсы комитет» Республикалық қоғамдық бірлестігі
2 Халықаралық аренада (Швейцария алаңдарында) Қазақстан Республикасының оң халықаралық имиджін қамтамасыз ету орта мерзімді «National Endowment for Prosperity» қоғамдық қоры