2024 жылғы 08 ақпанда жарияланған «Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы 01 ақпандағы № 02-03/18 бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 7 хаттамасынан
ҮЗІНДІ
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Іске асырылу мерзімі | Ұйым атауы |
1 | Білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу | Өңірде сапалы медиа өнімдерді дайындау және контент жасаушыларды қолдау | қысқа мерзімді | «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесі |
2 | Аймақтағы баспасөз және БАҚ өкілдерінің біліктілігін арттыру | қысқа мерзімді | «Жағымды жаңалық» қоғамдық қоры | |
3 | Облыс тұрғындарының құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру | қысқа мерзімді | «Риза-ана» қоғамдық қоры | |
4 | Мемлекеттік рәміздерді насихаттау арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру | қысқа мерзімді | «JasART» жеке меншік мекеесі |