2024 жылғы 07 ақпанда жарияланған «Маңғыстау облысының білім басқармасы» ММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы 05 ақпандағы № 24 нқ бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының № 4 хаттамасынан
ҮЗІНДІ
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Іске асырылу мерзімі | Ұйым атауы |
1. | Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | Аймақтағы оқушылар мен олардың ата-аналарының бойында отбасылық-ұлттық құндылықтарды қалыптастыру | қысқа мерзімді | «Риза-ана» қоғамдық қоры |