2024 жылғы 27 мамырдағы конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы отырысының №48 хаттамасынан үзінді

«Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ бөлім басшысының «Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «22» мамырдағы № 01-37-14 бұйрығымен бекітілген 2024 жылғы «27» мамырда жарияланған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 12 шілдегі № 48 хаттамасынан

ҮЗІНДІ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1 Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу Жаңаөзен қаласында ұлттық тәрбие беру мен отбасы құндылықтарын нығайту, отбасы институтын дамыту қысқа мерзімді «Аналар кабинеті» қоғамдық қоры