2024 жылғы 26 ақпандағы конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы отырысының №20 хаттамасынан үзінді

2024 жылғы 26 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының «Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «04» қаңтардағы №05-НҚ бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдар үшін ұзақ мерзімді грант беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 30 сәуірдегі № 20 хаттамасынан

ҮЗІНДІ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 49-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту «Kazislam.kz» арнайы исламдық интернет-порталының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету ұзақ мерзімді «AMANAT EXPERT» қоғамдық қоры