2024 жылғы 26 ақпандағы конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы отырысының №19 хаттамасынан үзінді

2024 жылғы 26 ақпанда жарияланған «Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған 2024 жылға мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «21» ақпандағы №26-нқ бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 19 хаттамасынан

ҮЗІНДІ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1 Мәдениет пен өнерді дамыту Жыр жанры бағытындағы жас таланттарға қолдау қысқа мерзімді «Бала жолы» қоғамдық қоры
2 Дәстүр жалғастығы қысқа мерзімді «Қазақ аналары-дәстүрге жол» Республикалық қоғамдық бірлестігі Маңғыстау обл филиалы
3 Суретшілер экпедициясын ұйымдастыру қысқа мерзімді Ақтау қалалық суретшілер одағы
4 Айтыс жанрымен айналысып жүрген талантты жастарға қолдау көрсету қысқа мерзімді «Жыр – жебе» ақындар мектебі қоғамдық қоры