2024 жылғы 23 сәуірдегі конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы отырысының №43 хаттамасынан үзінді

2024 жылғы 23 сәуірде жарияланған «Жамбыл обласы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ басшысының «2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы 22 сәуірдегі № 23 Н/Қ бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 7 маусымдағы № 43 хаттамасынан

ҮЗІНДІ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1 Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу Жамбыл облысының Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру қысқа мерзімді «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі
2 Облыс ардагерлеріне қолдау көрсету орталығының қызметін ұйымдастыру қысқа мерзімді «Арлагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы