2024 жылғы 23 ақпанда жарияланған «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» ММ басшысының «2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «20» ақпандағы № 06 н/қ бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 20 мамырдағы № 23 хаттамасынан
ҮЗІНДІ
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Іске асырылу мерзімі | Ұйым атауы |
1 | Білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу | Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша «Fitness Park KZ» жобасын іске асыру | қысқа мерзімді | «Сергали-Туркестан» аймақтық қоғамдық бірлестігі |
2 | «Зияткерлік ұлт» танымдық әлеуметтік жобасы | қысқа мерзімді | «Болашақ Қазақстанға» қоғамдық студенттік бірлестігі |