2024 жылғы «22» мамырда жарияланған «Атырау қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ бөлімі басшысының «Үкіметтік емес ұйымдар үшін 2024 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы «16» мамырдағы №27 бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында «Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 12 шілдегі № 46 хаттамасынан
ҮЗІНДІ
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Іске асырылу мерзімі | Ұйым атауы |
1 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жастарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру
|
қысқа мерзімді | «Ой бренд» қоғамдық қоры |
2 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жастарды нашақорлық, темекі шегу, алкоголь, таксикоманияның зияны туралы ақпараттандыру
|
қысқа мерзімді | «Жаңа уақыт» қоғамдық қоры |
3 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу
|
қысқа мерзімді | «Шырағдан» қоғамдық бірлестігі |
4 | Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау | Жас еріктілер корпусын қалыптастыру
|
қысқа мерзімді | «Ой бренд» қоғамдық қоры |