2024 жылғы 15 ақпандағы конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы отырысының №15 хаттамасынан үзінді

2024 жылғы 15 ақпанда жарияланған «Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы 14 ақпандағы № 02-03/6 бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 15 хаттамасынан

ҮЗІНДІ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1 Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау Аймақтағы волонтерлік бастамаларға қолдау көрсету қысқа мерзімді «Жалын PRO» қоғамдық бірлестігі
2 Маңғыстау облысының волонтерлік Фронт-офисінің жұмысын ұйымдастыру қысқа мерзімді «Жалын PRO» қоғамдық бірлестігі