2024 жылғы 15 ақпандағы конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы отырысының №13 хаттамасынан үзінді

2024 жылғы 15 ақпанда жарияланған «Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы 14 ақпандағы № 02-03/6 бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 13 хаттамасынан

ҮЗІНДІ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1 Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау Жас көшбасшыларға арналған шетелдік тағылымдамалар ұйымдастыру қысқа мерзімді «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі
2 Жастар театрының жұмысын ұйымдастыру қысқа мерзімді «JasART» жеке меншік мекемесі
3 Аймақтың өндірістік мекемелеріндегі жас мамандар кеңесінің жұмысын ұйымдастыру қысқа мерзімді «Риза-ана» қоғамдық қоры
4 Жастар арасындағы әзіл-сықақ ойындарын ұйымдастыру қысқа мерзімді «Боранқұл» командасы» қоғамдық қоры
5 Аймақ жастарының зияткерлік әлеуетін арттыру қысқа мерзімді «JasART» жеке меншік мекемесі
6 Жастарға арналған медиаөнімдерді дайындау қысқа мерзімді «Боранқұл» командасы» қоғамдық қоры
7 Аймақтағы жас өнертапқыштар мен ғалымдарды қолдау қысқа мерзімді «Алаш арманы» қоғамдық қоры
8 Жастар арасындағы нашақорлық пен ойынқұмарлықтың алдын алу қысқа мерзімді «Біз спорт үшін, есірткіге қарсымыз» қоғамдық қоры
9 Маңғыстау облысындағы шығармашыл жастарды қолдау қысқа мерзімді «AktownX» қоғамдық қоры
10 Маңғыстау облысында пікірсайыс қозғалысын дамыту қысқа мерзімді «Рухтан» қоғамдық қоры
11 Маңғыстау облысының студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру қысқа мерзімді «Ақтау студенттер Альянсы» корпоративтік қоры
12 Аймақтағы жастардың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту қысқа мерзімді «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі
13 Жаңаөзен қаласы мен Қарақия ауданы жастарын әлеуметтендіру қысқа мерзімді «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі
14 Маңғыстау және Бейнеу ауданы жастарын әлеуметтендіру қысқа мерзімді «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі
15 Мұнайлы және Түпқараған ауданы жастарын әлеуметтендіру қысқа мерзімді «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі
16 Аймақ жастарының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру қысқа мерзімді «7 жұрт» қоғамдық бірлестігі
17 Жастарға арналған қоғамдық кеңістіктерді қалыптастыру қысқа мерзімді «Жағымды жаңалық» қоғамдық қоры