2024 жылғы 15 ақпандағы конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы отырысының №11 хаттамасынан үзінді

2024 жылғы 15 ақпанда жарияланған «Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысының «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы 13 ақпандағы № 11-нқ бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 11 хаттамасынан

ҮЗІНДІ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1 Қоршаған ортаны қорғау Ақтау қаласы тұрғындарының жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға ықпал ету қысқа мерзімді «Эко Маңғыстау» қоғамдық қоры