2024 жылғы 10 сәуірдегі конкурс қорытындысы бойынша сараптама комиссиясы отырысының №35 хаттамасынан үзінді

2024 жылғы 10 сәуірде жарияланған «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының «2024 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін бекіту туралы» 2024 жылғы 19 ақпандағы № 06-3154 бұйрығымен бекітілген тізбенің негізінде үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының 2024 жылғы 24 мамырдағы № 35 хаттамасынан

ҮЗІНДІ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының 42-тармағына сәйкес төменде көрсетілген гранттардың жеңімпаздары болып мынадай үкіметтік емес ұйымдар айқындалсын:

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асырылу мерзімі Ұйым атауы
1 Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту Ақтөбе облысында қоғамдық қарым-қатынас саласында медиацияны дамыту қысқа мерзімді «Батыс Қазақстан медиация және келіссөздер процесі орталығы» жеке меншік мекемесі