2022 жылғы арналған Үкіметтік емес ұйымдар Мұнайлы ауданы Маңғыстау  облысының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурс шеңберінде хабарландыру талаптарына сәйкестігіне өтінімдерді қарастыру нәтижелерінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2022 жылғы арналған Үкіметтік емес ұйымдар Мұнайлы ауданы Маңғыстау  облысының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды ұсыну конкурс шеңберінде хабарландыру талаптарына сәйкестігіне өтінімдерді қарастыру нәтижелерінің

ҚОРЫТЫНДЫСЫ

 

Жобаларды басқару департаменті «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Орталық) 2022 жылғы 03 наурызда жарияланған үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) арналған мемлекеттік грант беруге арналған конкурстың нәтижелері бойынша 2 ҮЕҰ-дан  2 өтінім, оның ішінде мемлекеттік тілде – 1 ҮЕҰ-дан 1 өтінім, орыс тілінде – 1 ҮЕҰ-дан 1 өтінім келіп түскенін хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 05 сәуірде Нұр-Сұлтан қ.уақытымен сағат 18-30-де аяқталды.

Ағымдағы жылғы 08 сәуірде өтінімдердің хабарландыруда көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкестігіне тексеру аяқталды.

Мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсенің қызметкерлерімен келесі жұмыстар жүргізілді:

1) өтінімнің Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарастыру;

2) өтінімдердің Гранттар жоспарында көрсетілген талаптар мен шарттарға, оның ішінде тақырыпқа, мақсатқа, міндеттерге, іске асыру мерзіміне, қамтитын аумағына, бөлінген қаражат көлеміне, жобаны іске асырудан күтілетін нәтижеге сәйкестігіне қарастыру;

3) ҮЕҰ дерекқорында мәліметтердің болуын тексеру;

4) грант тақырыбы мен өтініш берушінің Жарғысындағы мақсаты мен қызметі арасындағы сәйкестікті тексеру.

Хабарландыру талаптары мен шарттарына сәйкестігіне тексеруден өткен өтінімдер конкурстық комиссия мүшелеріне бағалау жүргізуге жіберілетін болады.

Осылайша, барлық рәсімдерді аяқтау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия мүшелерінің қарауына 2 ҮЕҰ-дан 2 өтінім, оның ішінде мемлекеттік тілде 1 ҮЕҰ-дан 1 өтінім жіберіледі:

пп № темы Тақырып атауы Өтінімдер саны
1 1 Мұнайлы ауданында үкіметтік емес ұйымдарының ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру
2 2 Радикалды діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы ақпараттық – насихаттық материалдарды дайындау және насхат жұмысын жүргізу 2

 

Жобаларды басқару

департаментінің директоры                                                                       А.Галимова